19
сентябрь
2025
Жаңа ғасыр мұғалімі: идея, тәжірибе, құндылық
Бостандық аудандық білім бөлімі мен «М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның ұйымдастыруымен жас педагогтерге арналған маңызды шара өтті. Игі істің тақырыбы «Жаңа ғасыр мұғалімі: идея, тәжірибе, құндылық» деп аталды. Жас мамандар арасында өткен сайыстың басты мақсаты – еңбек жолын енді бастаған ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыру, педагогикалық инновацияларды насихаттау және шығармашылық әлеуеті жоғары мұғалімдерді анықтап, қолдау. Сонымен қатар, шара жас мамандардың өзара тәжірибе алмасуына, бір-бірінен үйренуіне және ұжымдық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.





