Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жаңа ғасыр мұғалімі: идея, тәжірибе, құндылық" аудандық жас мамандар сайысы
19
сентябрь
2025

"Жаңа ғасыр мұғалімі: идея, тәжірибе, құндылық" аудандық жас мамандар сайысы

2025 жылдың 19 қыркүйегінде Алматы қаласы білім басқармасы Бостандық аудандық білім бөлімі мен М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның ұйымдастыруымен жас мамандар арасында байқау өтті.
Бұл шараның басты мақсаты – жас педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру, инновациялық идеяларын қолдау және шығармашыл ұстаздарға тәжірибе алмасу алаңын құру болды.
Байқау кезеңдері:
1.Өзін-өзі таныстыру, педагогикалық ұстанымы мен өмірлік ұранын айту.
2.Инновациялық жобасын таныстыру.
3.Импровизация – педагогикалық жағдайларды шешу.
Жас мамандар үлкен дайындықпен келіп, өздерінің шығармашылығын, шешендігін және көшбасшылық қабілеттерін көрсетті. Әрбір қатысушы білім берудің жаңа қырларына талпынып, «Жаңа ғасыр мұғалімі» дәрежесіндегі мұғалімге лайықты болу үшін үздіксіз, тынымсыз еңбек сіңіру керек екендіктерін сезінді.
Әрбір жас маманның талпынысы мен жаңа идеялары – білімнің жарқын болашағының кепілі.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: