30
октябрь
2025
Lesson Study: кәсіби дамудың тиімді тетігі
Күзгі демалыс кезінде гимназия ұстаздары кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында гимназия директорының орынбасары, “Құрмет” орденінің иегері, Үздік педагог Сафура Сәлімбайқызы өткізген «Lesson Study: қажеттілігі мен маңыздылығы” тақырыбындағы семинарға қатысты. Семинар барысында мұғалімдер заманауи сабақ зерттеу әдісінің қыр-сырын меңгеріп, тәжірибе алмасу алаңында өз ойларын ортаға салды. Ұжымдық талқылаулар, нақты мысалдар мен топтық жұмыстар арқылы ұстаздар зерттеу сабағын тиімді жоспарлау мен талдау тәсілдерін үйренді. Семинар ұстаздарға жаңа серпін, кәсіби шабыт және өз ісіне жаңаша көзқарас сыйлады.







