15
май
2026
Тілеубай Сәния Өскенбайқызы атындағы физика пәні мұғалімдеріне арналған қалалық олимпиадасы өтті.
2026 жылдың 15 мамырда Алматы қаласы Білім басқармасы, ҚББЖТҒӘО ғылыми-жаратылыстану пәндер бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Еңбек сіңірген ұстазы Тілеубай Сәния Өскенбайқызы атындағы физика пәні мұғалімдеріне арналған қалалық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты — педагогтердің таланты мен шығармашылық әлеуетін байқау, озық педагогикалық тәжірибені тарату, педагог мәртебесін көтеру.
Екі кезеңнен тұратын олимпиадаға қаланың сегіз ауданынан 24 мұғалім қатысты. Әдіскер-ғалым ұстаздардан құралған қазылар алқасының құрамы Әл-Фараби ат. ҚазҰУ қызметкерлері, Шоқан Уалиханов ат. жекеменшік мектеп, О.Жәутіков ат. Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектебінің физика пәні мұғалімдері енді.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша келесі орындар анықталды:
Бас жүлде: Соколов Василий Васильевич, Бостандық ауданы, №165 МЛ;
Дипломдар:
І орын – Иманова Салтанат Сапарбековна, Әуезов ауданы, №202 МГ;
II орын – Әкбар Нұржау Жолдасбайұлы, Алатау ауданы, №178 МЛ;
Макулбекова Алтыншаш Асылбекқызы, Наурызбай ауданы, №207 МЛ;
ІІІ орын – Нұрсал Дәлел, Алатау ауданы, №178 МЛ;
Әріпжанова Ләйлә Әріпжанқызы, Әуезов ауданы, №123 МГ;
Елемесова Арай Жангазиевна, Медеу ауданы, №99 ЖББМ.
Олимпиада соңында барлық қатысушыларға сертификат пен сыйлықтар табыс етіліп, дипломдармен марапатталды.






