Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
май
2026

Түлектер бастауыш сыныппен қайта қауышты

Гимназия түлектері балдай тәтті балалық шақтары өткен бастауыш сыныпқа қайта оралып, жүрекке жылы естеліктерге толы ерекше сәттерді еске алды. Кездесу барысында уақыт артқа шегінгендей әсер сыйлап, түлектерге бастауыш сыныпта білім берген ұстаздары — Айгүл Елжасқызы, Арай Бақытбекқызы, Салтанат Берікқызы және Жұлдыз Мұратқанқызы арнайы сабақ өткізді.

Сонымен қатар, 4-сынып оқушылары әсерлі концерттік бағдарлама ұсынып, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ән мен би, шынайы сағыныш пен ыстық ықыласқа толы кеш түлектер үшін ұмытылмас естелікке айналды. Мұндай тағылымды кездесулер ұстаз бен шәкірт арасындағы байланысты нығайтып, мектепке деген сағыныш пен құрметті арттыра түседі.









Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: