25
май
2026
"Білімім - Отаныма!" салтанатты жиыны өтті
“Білімім – Отаныма” тақырыбында 9–11-сынып оқушыларына арналған салтанатты жиын жоғары деңгейде өтті.Жиынның басты мақсаты жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын арттырып, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болатын. Салтанатты жиынға Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Кеңесбай Алмаз Абайұлы, Алматы қаласы Бостандық ауданы Полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Әлмұратов Нұрберген Өтегенұлы және “Дәстүрге жол” аналар қауымдастығынан Ләйла Ноғайқызы мен Күләш Нұрсұлтанқызы қатысты. Іс-шара барысында оқушылар өздерінің жетістіктері мен алдағы мақсаттары туралы ой бөлісіп, кемел білім иесі атанып, Отанға қалтқысыз қызмет етудің маңызы жайлы атап өтті. Әсерлі шарада мектеп, ұстаз жайлы әндер орындалып, жүрекке әсерлі өлеңдер оқылды. Сонымен қатар, білім мен тәрбие жолында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар , ұстаздар марапатталды. Салтанатты жиын ерекше әсерге, көтеріңкі көңіл күйге және шабытқа толы болды.









