Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
июнь
2022

1 маусым – халықаралық балалар күні

       Бүгінде жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің түрлі жолдары қарастырылып келеді. Соның бірі жастар, жас өрендер арасында рәміздерді насихаттау. Осы мақсатта 4 маусым күні гимназия алдында әнұран айту жиыны болды. Гимназия оқушылары да, ұстаздар да әнұранымызды шырқады. Жиынға қатысқан әрбір жанға патриоттық сезім сыйлады. Сонымен қатар, әр сыныпта «Рәміздерім - мақтанышым» тақырыбында танымдық сабақ өтті. Рәміздерді насихаттаудағы мақсат – әрбір жас буын жеткіншектің Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
      Жыл сайын балалар бұл күнді асыға күтеді. Ол күннің маңыздылығын соншалықты ұқпаса да, өздеріне арналған мереке екенін сезетін бүлдіршіндер үшін бұл күн – ерекше күн. Жалпы, балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз ғой. Ендеше, сыңғырлаған күлкісімен отбасыға қуаныш сыйлайтын балақайларды айтулы күнімен құттықтаймыз. Бақытты балалық шақ тілейміз! 
    1 маусым – халықаралық балалар күніне орай балалармен көңілді уақыт өткізуге гимназия ұстаздары да атсалысты. «Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» деген мұғалімдер үшін шәкірттерімен өткізген әрбір сәті аяулы. Осы орайда бастауыш сынып мұғалімдері сыныптарымен бірге түрлі ойын-сауық шараларын ұйымдастырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл күні бүлдіршіндер ән шырқады. Би биледі. Ойын ойнады. Балалық шақтың бал дәурен күнін ұстаздарымен бірге өткізген оқушылар алғыстарын жаудырды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: