Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
март
2021

«Жеті ата» дәстүрі

           Жеті аталық ұстаным қазақ халқының этнобиологиялық, этномәдени, жалпы рухани тұтастығын табиғи түрде қамтамасыз еткен. Жеті аталық ұстанымға негізделген туыстық байланыс институты әрбір казақтың білмекке деген ынтасын оятқан. Жеті атасын, руы мен жүзін білген соң, қазақтар туған жерінің кез келген шалғайында өзін туысқандарының ортасында жүрген алып бір жанұяның мүшесіндей сезінген. Нәтижесінде біртұтас жанұя секілді ұлттың біртұтас зердесі қалыптасып, жер басып жүргендер ғана емес, жадта сақталған баяғы ата-бабалар да тірілердің санасында тірлігін жалғастырған. 
Халықтың мұндай зердесі әрбір қатардағы далалықтың тарихты айқын елестетіп, жан-жүрегімен сезінуіне себепші болған. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың құлағына күн сайын бабалары туралы тек жақсылықты құйып, рухани тектілікті дәріптеп, ұлттық сенімін орнықтырған. Бабалар рухы — аруақтың күн сайын желеп-жебеп отыратындығы туралы сенімін тудырған. Сөйтіп, Жеті ата институты қазақ халқының өткеннен болашаққа деген сенімін мың сан ұрпақтар арқылы сабақтастырып отыратын тетік ретінде танылған. Жеті аталық ұстаным бабалар рухы алдында әрбір қазақ пен бүкіл халықтың іштей жауапкершілік сезімін оятқан. Осы ұстаным аясында қазақ өмірінің моральдік кодексін, салт-дәстүрі мен тыйым-жораларынын білу әрі дәріптеу мақсатында М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда «Жеті ата» дәстүрін насихаттау челленджі өтті. Әлемді жайлаған дерт салдарынан, оқушыларымыз бейнебаян, сынып сағаты, сурет көрмесі арқылы, өз білімдері мен өнерлерін паш етті.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: