Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбындағы жаңа форматты ата-аналар жиналысы
16
ноябрь
2021
«Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбындағы жаңа форматты
      М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда орта буынға аяқ басқан 5-сыныптардың ата-аналар жиналысы өтті. «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбындағы жаңа форматты ата-аналар жиналысы болды. Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен ұстаздың ерекше рөлін айқындай отырып, «Сырласу» студиясын ұйымдастырды. Бүгінгі балалардың қоғамдағы рөлін, жасөспірімдердің кезек күттірмейтін мәселелері талданды. Мектебіміздегі қалыптасқан дәстүр бойынша ата-ана – ұстаз – оқушы үштігі өз жұмысын зор қарқынмен бастады.
«Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары және олардың міндеттері» тақырыбында сынып
13
ноябрь
2021
«Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары және олардың
    13.11.2021 жылы 5-11-сынып оқушыларына «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары және олардың міндеттері» тақырыбында сынып сағаты өтті. Бала құқығы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңында айтылған. 53 баптан тұратын бұл заң балалар мен жасөспірімдердің жеке мүддесін қорғауға, тұлға ретінде тануға және қалыптастыруға жол береді. Сынып сағатында оқушыларға бала құқығы мен оның міндет-мақсаттары толықтай таныстырылып, түсіндірілді. 
Сыныпта ата-аналар жиналысы
10
ноябрь
2021
Сыныпта ата-аналар жиналысы
    10.11.2021 жылы гимназиямызда 5 «Е» сыныбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Ұлағатты ұстаз Сафура Сәлімбайқызы жүргізген ата-аналар жиналысы мектеп – ата-ана – оқушы үштігінің дәстүрлі беріктігін сақтауға бағытталған. Жиналыс барысында ата-аналарға түрлі сауал қойып, ортақ шешім, жауап берілді. Аталмыш жиналыста «Альфа ұрпақ жайлы не білесіз?», «Ата аналарға кеңес» сынды тақырыптарда бейнебаяндар қойылып, бала тәрбиесі мен қалыптасуы төңірегінде пікір алмасты. 
“Мұзбалақ” пікірсайыс клубының  кезекті жиналысы
10
ноябрь
2021
“Мұзбалақ” пікірсайыс клубының кезекті жиналысы
   М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда қарашаның 10-ы күні, пікірталас қозғалысын дамыту мақсатында “Мұзбалақ” пікірсайыс клубының  кезекті жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында Америкалық парламеттік форматының қыр-сыры түсіндіріліп, ақпарат алмасылды. Жиналысқа 7,8,9-сынып оқушылары қатысып, ойын қағидаларымен таныс болды.  Жаңа тақырыптар талданып, қызу талқыға түсті. Алдағы уақытта клуб жиналыстары ұйымдастырылып, аудандық бәсекелерге дайындық жұмыстары жүргізілмек.
"Тәуелсіздік – бабалар аманаты" дөңгелек үстел
08
ноябрь
2021
"Тәуелсіздік – бабалар аманаты" дөңгелек үстел
    Бүгінде дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыз - Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Осы Тәуелсіздік жолында жанын пида еткен 1986 жылдың ақтаңдақтарын келер ұрпаққа насихаттау, ерліктерін ұлықтау мақсатында, қазанның 30-ы М.Мақатаев атындағы      №140 гимназияның 9-сынып оқушылары арасында,  «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» тақырыбында дөңгелек үстел
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы
05
ноябрь
2021
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің «Дарын»
     «Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады» деп, Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, Отан – отбасынан басталатыны рас. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты IV республикалық зияткерлік конкурсы өтті.  Осынау атаулы іс-шараның ашылуы мен жабылу салтанатындағы концерттік бағдарламаны
«Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» танымдық дәріс
04
ноябрь
2021
«Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп»
«Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» танымдық дәріс    Бүгінгі таңда әлем бойынша күн тәртібінен түспей тұрған өзекті мәселелердің бірі – терроризм. Діни білімнің аздығынан немесе арбаушылардың көптігінен жастардың арасында адасулар көптеп кездесіп жатыр. Қазанның 11  күні,  9-11 – сынып оқушыларына  «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты дәріс оқылды. Дәрісті директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Бақтияр Үсенұлы мен дінтанушы Қамысбек
Гимназияның  оқушылары мен олардың ата-аналары арасында психоактивті заттардың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар
03
ноябрь
2021
Гимназияның оқушылары мен олардың ата-аналары арасында психоактивті
М.Мақатаев атындағы  №140 гимназияны ң  оқушылары мен олардың ата-аналары арасында  психоактивті заттардың  алдын алу бойынша  жүргізілген жұмыстар ЕСЕБІ   Қазіргі   таңда  өскелең  ұрпақты   тәрбиелеу маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Олардың қоршаған ортаға бейімделуі,  қоғамда  өз   орындарын дұрыс бағыттай алуы, құқықтарының  қорғалуы, үлкендер тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырамауын бүгінде  әлеуметтік-психологиялық тәрбие  беретін мамандар ұйымдастырады. Сонымен қатар, қазіргі