Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» танымдық дәріс
04
ноябрь
2021

«Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» танымдық дәріс

«Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» танымдық дәріс
   Бүгінгі таңда әлем бойынша күн тәртібінен түспей тұрған өзекті мәселелердің бірі – терроризм. Діни білімнің аздығынан немесе арбаушылардың көптігінен жастардың арасында адасулар көптеп кездесіп жатыр. Қазанның 11  күні,  9-11 – сынып оқушыларына  «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты дәріс оқылды. Дәрісті директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Бақтияр Үсенұлы мен дінтанушы Қамысбек Ұларбек өткізді. Жаһанда болып жатқан оқиғаларға талдау жасалып, барынша діни сауаттылықты арттыруға тырысты. Осындай оқыс оқиғалардың алдын-алу үшін не істеу қажет деген сұрақтың жауабын оқушылармен біріге отырып, талқылады. Оқушылар  тақырып аясында пікірлерін де ортаға салды. Қамысбек Ұларбек, «экстремизм» тақырыбында түсірілген фильмді көрсетіп, сөзінің дәлелі ретінде арбауға түскен адамдардың сұхбатынан үзінді де көрсетті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: