Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қалалық көркем гимнастика
04
ноябрь
2021
Қалалық көркем гимнастика
     М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 6-сынып оқушысы - Шарипова Алма, Алматы қаласы бойынша өткізілген қалалық көркем гимнастикадан І орын иегері атанды. Шәкіртімізді жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз. Биік белестерді бағындырар ел мақтанышына айналсын.
Гимназияның  оқушылары мен олардың ата-аналары арасында психоактивті заттардың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар
03
ноябрь
2021
Гимназияның оқушылары мен олардың ата-аналары арасында психоактивті
М.Мақатаев атындағы  №140 гимназияны ң  оқушылары мен олардың ата-аналары арасында  психоактивті заттардың  алдын алу бойынша  жүргізілген жұмыстар ЕСЕБІ   Қазіргі   таңда  өскелең  ұрпақты   тәрбиелеу маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Олардың қоршаған ортаға бейімделуі,  қоғамда  өз   орындарын дұрыс бағыттай алуы, құқықтарының  қорғалуы, үлкендер тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырамауын бүгінде  әлеуметтік-психологиялық тәрбие  беретін мамандар ұйымдастырады. Сонымен қатар, қазіргі
«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...» ата-аналардың өнер байқауы
03
ноябрь
2021
«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...» ата-аналардың өнер байқауы
    Биыл ақиық ақын, Тәңіртаудың мұзбалағы, қазақтың қара өлеңінің қасиетін ұғынған –Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы.«Ақын мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл – әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той", - деп елбасымыз атап өткендей, осынау мерейтой қарсаңында алып ақын атын арқалаған М.Мақатаев атындағы №140 гимназия ұжымы, осы бағытта түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда. Гимназияға алғаш аяқ басқан 1-сынып балапандарының ата-аналарын мектеп өмірімен таныстыру,
«Әрбір бала - бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер!» Марапаттау кеші
01
ноябрь
2021
«Әрбір бала - бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер!» Марапаттау кеші
    Білім мен ғылым, өнер мен спорт – өміріміздің негізгі тірегі екені белгілі. Білім қоғамды дамытып, болашаққа жарқын жол ашса, ал өнер адамды сұлулыққа, жан-дүниесінің тазалығына, рухани қажеттілігін толтыруға жетелейді. Әрбір адамның бойында ерекше өнері немесе дарыны болады. Соны дер кезінде байқап, дұрыс бағыт берілетін болса, өнерлі жан өмірден өз орнын табады. Бастысы, оған деген құштарлық сезімі биік болса, алынбайтын қамал жоқ. Осы орайда, гимназияның дарынды ұл-қыздарын қолдау әрі
«Мұқағали» фильмі
01
ноябрь
2021
«Мұқағали» фильмі
   Биыл, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына - 90 жыл. Ақынның қилы тағдыры мен мағыналы ғұмыры негіз болған «Қазақфильм» киностудиясы түсірген, белгілі режиссер Болат Қалымбетовтың «Мұқағали»  фильмі, 21 қазаннан бастап отандық кинотеатрларда көрермендерге жол тартқан болатын. Небәрі 45 жыл ғұмырында өлмес өлең жазып, өшпес із қалдырған ақынның тағдыры жайлы фильмді тамашалауға, М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 140 шәкірті, Алатау дәстүрлі өнер театрының кинозалына ат басын
Гимназия түлегі, танымал блогер Сәбира Жарасқызымен кездесу
28
октябрь
2021
Гимназия түлегі, танымал блогер Сәбира Жарасқызымен кездесу
    М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның түлегі, танымал блогер, көпшілікке «Sabirkin» лақап атымен белгілі вайнер, актриса, әнші, тележүргізуші – Сәбира Жарасқызы, 11 жыл білім алған ошағына ат басын бұрды.  Сәбира Жарасқызы, гимназияның 8-11 сынып қыздарымен кездесіп, сұхбат жүргізді. Артынан ерген сіңілілерінің көкейінде жүрген сұрақтарына сүбелі ой, орамды тілімен шебер әрі шынайы жауап бере отырып, қазіргі қоғамдағы қыз балаға байланысты басты мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітті. Сәбира,
«Жол тәртібін білейік!» сынып сағаттары
28
октябрь
2021
«Жол тәртібін білейік!» сынып сағаттары
    Қыркүйектің 28-і,  М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда, жол қауіпсіздігіне байланысты іс-шара аясында, 5-11 сыныптар арасында «Жол тәртібін білейік!» тақырыбында сынып сағаттары өтті.  Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру, оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған сынып сағатарында, жол жүру ережесі, жол белгілері таныстырылды. «Жол тәртібі ережелерінің маңыздылығы; Оны не үшін білу қажет?;
Халықаралық Дзюдо жарысы
20
октябрь
2021
Халықаралық Дзюдо жарысы
      Словенияның Гардес қаласында өткен, 42 елдің спортшылары бақ сынасқан Халықаралық Дзюдо жарысында, М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 8-сынып оқушысы - Асқарұлы Бейбарыс, 42 қатысушы арасынан оқ бойы озып, V орынға табан тіреді.  Талабы мен жігері таудай шәкіртімізге сәттілік тілейміз!
Республикалық акробатика спорттық жарысы
20
октябрь
2021
Республикалық акробатика спорттық жарысы
   Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қолдауымен өткен Республикалық чемпионатта, спорттық акробатика бойынша ІІ орынды М.Мақатаев атындағы №140 гимназия шәкірті, Мавлен Ханшайым иеленді. Жарайсың, шығармашылық шабыт тілейміз!