Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
июнь
2026

Қайырымдылық – жүректен басталады

Қайырымдылық – жүректен басталады ❤️

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Бостандық ауданының №22, №65, №94, №105, №140 және №190 мектептерінің түлектері игі бастаманы жалғастырып, ерекше балаларға қуаныш сыйлады.

Қымбат бітіру кештері мен кортеждерден бас тартқан түлектер жиналған қаражатты қайырымдылыққа бағыттап, «Самғау» даму және шығармашылық орталығында ерекше балаларға арналған мерекелік концерт ұйымдастырды.

Шара барысында балаларға ойыншықтар мен сыйлықтар табысталып, ең бастысы – шынайы қамқорлық пен мейірім сыйланды. Балалардың қуанышты жүздері мен күлкісі бұл күннің ең әсерлі сәтіне айналды.

Осындай ізгі іс жастарымыздың адамгершілігі мен жауапкершілігінің жарқын көрінісі болып табылады. Мейірім мен жақсылық әрқашан жүректерді біріктіре берсін!


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: