БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ ЖАРҚЫН МЕРЕКЕСІ – «BALA FEST – 2026»
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы қаласында өткен «BALA FEST – 2026» қалалық фестиваліне М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның оқушылары қатысты.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялауына сәйкес, фестивальдің басты тақырыбы заманауи технологиялар, ІТ-дағдыларды дамыту және оқушыларға ерте кәсіби бағдар беру бағыттарына арналды.
Мерекелік шара Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова атындағы мемориалдық саябақта ұйымдастырылып, оған шамамен 5 мың бала қатысты. Фестиваль аясында робототехника, ғылым, медиа, экология, спорт және киберспорт бағыттарын қамтитын жеті тақырыптық аймақ жұмыс істеді.
Іс-шара барысында оқушылар жаңа технологиялармен танысып, танымдық және интерактивті алаңдарға қатысып, өздерінің шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алды.
«BALA FEST – 2026» фестивалі жас ұрпақтың ғылыми-техникалық бағыттағы қызығушылығын арттырып, цифрлық құзыреттіліктерін жетілдіруге және болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт-бағдар беретін маңызды алаңға айналды.









