Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЗАҢ МЕН ТӘРТІП МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БІРЛЕСКЕН МІНДЕТ
14
май
2026

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БІРЛЕСКЕН МІНДЕТ

М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары ҚР Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы ұйымдастырған «Полиция және балалар: заң мен тәртіп мәдениетін қалыптастыру» форумына қатысты.

Форум барысында оқушылар құқықтық мәдениет, заң мен тәртіп қағидаттары, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша сала мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды. Сонымен қатар, жастар арасында танымал «Патруль» сериалының актерларымен пікір алмасып, әсерлі кездесу өткізді.

Іс-шара аясында ұйымдастырылған викторинаға белсенді қатысқан гимназия оқушылары қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беріп, арнайы сыйлықтарға ие болды.

Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, азаматтық жауапкершілік пен заңға құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: