Гимназия түлегі, танымал блогер Сәбира Жарасқызымен кездесу
М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның түлегі, танымал блогер, көпшілікке «Sabirkin» лақап атымен белгілі вайнер, актриса, әнші, тележүргізуші – Сәбира Жарасқызы, 11 жыл білім алған ошағына ат басын бұрды. Сәбира Жарасқызы, гимназияның 8-11 сынып қыздарымен кездесіп, сұхбат жүргізді. Артынан ерген сіңілілерінің көкейінде жүрген сұрақтарына сүбелі ой, орамды тілімен шебер әрі шынайы жауап бере отырып, қазіргі қоғамдағы қыз балаға байланысты басты мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітті. Сәбира,