Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тәртіпке бас иген, құл болмайды". Мектеп инспекторымен кездесу
05
сентябрь
2024

"Тәртіпке бас иген, құл болмайды". Мектеп инспекторымен кездесу

2024 жылдың 04 қыркүйек күні №140 гимназияда Алматы қаласы Бостандық ауданы ПБ жанындагы ПБ КПБ жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Тойкова Жұлдыз, АПБ ЖПҚБ ЮПБ полиция майоры А.С.Смайлова 9 – сынып оқушыларына «Өмір қауіпсіздік ережелері» атты тақырыпта баяндама оқып, таныстырды. Мақсаты: Балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өмір қауіпсіздігі негіздері туралы білімдерін арттыру және балаллар болашағы мемлекеттің басым бағыттарының бірі екенін көрсету.
Айтылған ақпараттар:
1) Жол қауіпсіз ережелері;
2) Мектеп формасы талаптары;
3) 18 жасқа толмаған балаларға көлік құралдарын басқаруға заңнамалық тыйымдармен таныстырылды;
4) Мопед жүргізушілеріне велосипед жолымен, , жол жиегі мен тротуармен жүруге болмайтыны туралы;
5) 16 жасқа толмаған адамдарды мопед басқарғаны үшін жауапқа тартылатыны;
6) Қоғамдық орындарда жүріс-тұрыс ережелері;
7) Қандай да бір төтенше жағдай орын алған уақытта «102» мобильді қосымшасын қолдану арқылы полициядан көмек сұрауды;
8) Егер бейтаныс адам интернетте қорлайтын болса, ата-ана мен мектеп әкімшілігіне, психологқа уақытылы хабарлап отыру керектігі;
9) Қолданыстағы заңнамалармен таныстырып, 16 жасқа толған жасөспірім қылмыстық жауапқа тартылатыны;
10) 16 жасқа толмаған білім алушы құқық бұзған жағдайда оның ата-анасы жауапқа тартылатыны айтылып, балаларды бірге жұмыс жасауға шақырып, жаңа оқу жылымен құттықтады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: