Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
140 сахнасында "Екі жұлдыз" дүлдүлдер додасы
30
январь
2024
140 сахнасында "Екі жұлдыз" дүлдүлдер додасы
30 қаңтар ШЖҚ "М.Мақатаев атындағы №140 гиммназия" МКК-да ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 5-6-сынып оқушылары арасында  ақынның сөзіне жазылған әндер байқауы болып өтті. Байқау "Екі жұлдыз" форматында өтті, оқушылар сынып жетекшілерімен бірге ән шырқады. Сайысқа 12 жұп қатысып, бақ сынады. Жұлдызды жұптардың міндеті – тек сахнаға шығып ән айту ғана емес, әсем әуендері мен әсерлі қойылымдарын назарға ұсынып, жанды дауыста ән шырқау. 
«Құндылыққа бағдарланған білім беру: Қазақстан мен Англия тәжірибесі» атты қалалық ғылыми-практикалық семинар
29
январь
2024
«Құндылыққа бағдарланған білім беру: Қазақстан мен Англия тәжірибесі»
         Алматы қаласы білім басқармасы, Алматы қаласы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығы, Бостандық аудандық  білім бөлімі және ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» МКК-нің ұйымдастыруымен 29 қаңтар күні «Құндылыққа бағдарланған білім беру: Қазақстан мен Англия тәжірибесі» атты қалалық ғылыми-практикалық семинар өтті.          Қалалық ғылыми-практикалық семинарға  Алматы  қаласының білім беру ұйымдарының директорлары, директор орынбасарлары, педагогтер,
140 шәкірттері робототехникадан Орталық Азия чемпионатына жолдама алды
28
январь
2024
140 шәкірттері робототехникадан Орталық Азия чемпионатына жолдама алды
Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші! ШЖҚ "М.Мақатаев атындағы №140 гимназия" МКК  оқушыларынан құрылған "ULY DALA" командасы Алматы қаласында өткен Республикалық "Tamos First Championship  FLL Challenge" санаты бойынша өткен сайыста  өз өнерлерін көрсетіп, Астана қаласында өтетін Орталық Азия чемпионатына жолдама алды. Жетекшісі - Манапбай Заңғар Нұрсәбитұлы. 
"Педагог. Шешім. Жағдаят"
26
январь
2024
"Педагог. Шешім. Жағдаят"
        Болашақ мұғалім ретінде, ШҚЖ «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» МКК-де педагогикалық практикадан өту барысында, білім саласына ендірілген тың жобалар аясында ұйымдастырылған, алғаш тұсауы кесілген, мұғалімдер қауымы үшін өте пайдалы, «Педагог. Жағдаят. Шешім.» байқауының куәсі болдым.  Аталған байқау жас мамандардың біліктілігін, өз кәсібіне деген ынта – ықыласын арттыруға, іскерлікке, жан-жақтылыққа, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға баулып қана қоймай,  педагогикалық тәжірибе
Жігіт сұлтаны 2024- Орынбасар Әділет
26
январь
2024
Жігіт сұлтаны 2024- Орынбасар Әділет
Жігітке жеті өнерде аз. Алматы қаласында №93 мектепте 9-11-сынып оқушылары арасында қалалық "Жігіт сұлтаны" байқауы өтті. Сайысқа  8 ауданнан қатысқандар 5 кезең бойынша бақ сынасты. Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен байқаудың басты мақсаты-ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, жігіттерді сегіз қырлы, бір сырлы болуға, яғни, жан-жақтылыққа баулу. Сайыста оқ бойы оза
Ынтымақты елге ешкім батпас...
23
январь
2024
Ынтымақты елге ешкім батпас...
23 қаңтар  ШЖҚ "М.Мақатаев атындағы № 140 гимназия" МКК- да түні бойы халықты қабылдау пункті жұмыс істеді.  Мектеп айналасында орналасқан тұрғын үй кешендерінен ("Терракота, "Джаз", "Ривера", "Акварель", "Гауһартас" т.б.) 400-ге жуық тұрғын келді, оның 100-ге жуығы балалар.  Барлық келген тұрғындарды мектеп ұжымы қарсы алып, барынша қолайлы жағдай жасады. Келген тұрғындар жылынып алу үшін су мен ыстық шәймен қамтамасыз етті. Бостандық ауданы әкімшілігінің және Төтенше жағдай қызметкерлері
Бүгінгі жас - болашақ ұстаз
22
январь
2024
Бүгінгі жас - болашақ ұстаз
22 қаңтар күні ШЖҚ "М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда" Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша педпрактикадан өтуге келген 23 студентке гимназия басшысы Тілеубай Сәния Өскенбайқызы гимназия ережесімен таныстырды. Болашақ педагог мамандардың теориялық білімдері мен практикалық тәжірибелерін ұштастыратын негізгі форма – педагогикалық практика. Жоғарғы оқу орнының студенттеріне қойылатын талаптар мен
Озық ойлы әр шәкірт, мектепке ғажап сән берер!
22
январь
2024
Озық ойлы әр шәкірт, мектепке ғажап сән берер!
1) 8 "Е" сынып оқушысы Нұрсадық Әлихан "Жыр алыбы - Жамбыл" атты республикалық жас ақындар айтысының қалалық кезеңінде топ жарып, жүлделі ІІ орынды иеленді. 2) ШЖҚ "М.Мақатаев атындағы №140 гимназия" МКК тоғызқұмалақтан 5-6, 7-8 сынып оқушылары арасында өткен "Ұлттық мектеп лигасы" жарысының аудандық кезеңінде ІІІ орынды иеленді.  3) 8 "Е" сынып оқушысы Сауданбек Ерасыл Бостандық ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген "Абай Әлемі" аудандық байқауына
Мектеп түлегі – Әлем Чемпионы
19
январь
2024
Мектеп түлегі – Әлем Чемпионы
         2024 жылдың 19-қаңтарында Бостандық аудандық Білім бөлімі және ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» МКК-нің ұйымдастыруымен «Мен Мұқағали мектебінің шәкіртімін» атты Әлем чемпионы Елдар Шекербекпен кездесу кеші өтті.        №140 гимназияның 2019 жылғы түлегі Елдар Шекербек - 2022 жылы Таиландта Краби аралында өткен «Мұхит адамы - 2022» халықаралық жарысында Азия чемпионы атанған, ең жас спортшылардың бірі. 28 елден 3 мыңнан астам спортшы қатысқан Парсы шығанағы суларында (Дубай,
Білім берудегі жаңа өзгерістердің 1000 көшбасшысы
19
январь
2024
Білім берудегі жаңа өзгерістердің 1000 көшбасшысы
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВ ҮМІТКЕРЛЕРІНЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАДЫ   Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылдан бастап президенттік Жастар кадрлық резервінің үлгісі бойынша білім берудегі өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау жөніндегі жобаны іске асыруда. Бүгін Астанада «Білім берудегі жаңа өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында іріктеуден сәтті өткен үміткерлерге сертификат тапсыру рәсімі өтті. Аталмыш сертификатпен мектебіміздің тарих