Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
апрель
2024

Мектеп -кеме, білім - теңіз

Мұқағали Мақатаев атындағы гимназияның 2-сынып ата-аналары арасында жиналыс болып өтті. “Мектеп-кеме, білім-теңіз десек,біз бір кемедегі оқушылардың деңгейі бірдей ме?” деген сұрақ төңірегінде ата-аналар арасында пікірталас өрбіді. Сабақтан көп қалуына байланысты сабақ үлгерімінің төмендеп кететінін, отбасында орыс  тілінде қарым-қатынас жасайтындықтан білімі төмен болуына өздерінің де себепші болып жататынын айтқан ата-аналар болды.
Үнемі қадағалап, сабағына көмек беріп отырғандықтан баламыз жақсы оқып, жоғары жетістіктерге жетіп келеміз деген ата-аналар әр жетістік баспалдақтарына жекелей тоқталып, түсіндіріп өтті. Сынып жетекші тарапынан қадағалау мен талап қоюдың жоғарғы деңгейде екенін баса айтып, ұстаздар қауымына, мектеп әкімшілігіне үлкен алғыстарын жеткізді.
Ана тілін дұрыс білуге жол ашу қажеттілігі, отбасында тек ана тілінде қарым-қатынас жасап, қазақша сөйлеу, баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру қажеттілігін ата-аналар пікірталас барысында түсінді. Әр баланың алдағы жазғы каникул күндеріндегі амандығы, қауіпсіздігі де сөз болды. 2023-2024 оқу жылында түрлі байқауларға, сайыстарға қатысқан оқушылардың ата-аналарына  алғыс айтылып, бала болашағы үшін өнердің де орны зор екеніне  сынып жетекшілер тоқталды.
Ата-аналар жиналысында ата-аналар мектеп деген алып кеменің білім теңізінде дәл қазіргі сәтте “ Шаттық” аралында екенін, көңіл-күйлерінің жоғары екенін, балаларының білім дәрежесіне көңілдері толатынын ерекше көңіл-күймен жеткізіп, ата-аналар жиналыстан үлкен әсермен тарасты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: