Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім берудегі жаңа өзгерістердің 1000 көшбасшысы
19
январь
2024

Білім берудегі жаңа өзгерістердің 1000 көшбасшысы

ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВ ҮМІТКЕРЛЕРІНЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАДЫ
 
Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылдан бастап президенттік Жастар кадрлық резервінің үлгісі бойынша білім берудегі өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау жөніндегі жобаны іске асыруда. Бүгін Астанада «Білім берудегі жаңа өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында іріктеуден сәтті өткен үміткерлерге сертификат тапсыру рәсімі өтті. Аталмыш сертификатпен мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Сағынғалиев Дәурен Нкаурызбайұлы марапатталды.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев кадрлық резервке өткен үміткерлерге арнаған сөзінде отандық білім сапасын арттыру және педагог кадрларды кәсіби даярлау жөніндегі негізгі бағыттарға назар аударды. 

«Өткен жылдың басында Оқу-ағарту министрлігі еліміздегі білім сапасын одан әрі арттыру үшін 5 негізгі бағытты айқындады. Олардың ішінде менеджментті нығайту және кадрлық резервті қалыптастыру да бар. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз «1000 өзгерістер көшбасшысы» жобасын іске қостық. Бұл - отандық білім жүйесін дамытудың жаңа кезеңі. Сегіз айдың ішінде сіздер іріктеуден өтіп, жеке, кәсіби, басқарушылық, аналитикалық дағдылар мен құзыреттеріңізді дамыттыңыздар. Енді Сіздер нағыз көшбасшылар ретінде еліміздегі білім беру жүйесінің сапасын арттыруға өз үлесіңізді қосуларыңыз керек. Ең бастысы - балаларымыз бен педагогтерімізге жайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру», - деді Ғани Бейсембаев. 

Жобаның бастапқы кезеңінде барлығы 8068 өтінім берілді. Барлық бес кезеңнің қорытындысы бойынша Республикалық кадр резервіне 208 кандидат кірді.

Резервке алынған жаңа буын менеджерлері еліміздегі кадр тапшылығы мәселесін шешуге ықпал етеді. Сондай-ақ, жаңа мектептерді, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде салынып жатқан мектептерді басқаруға жіберіледі. Үміткерлерді іріктеу және біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды НЗМ ББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» өткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: