Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Адам болам десеңіз...»
20
ноябрь
2021
«Адам болам десеңіз...»
       «Адам болам десеңіз...»    Гимназиямызда 20.11 күні 1-11 сынып аралығында «Адам болам десеңіз...» атты тақырыпта Республикалық бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Әсіресе бастауыш сынып оқушылары жарыса жырдан шашу шашса, орта буын оқушылары «адамгершілік» туралы мақал-мәтел айтып жарысқа түсті. Ал, жоғарғы сыныптар арасында «жақсы адам болу оңай ма?» атты дебат ұйымдастырылып, жақсы мінезді қалай қалыптастыруға болады деген сұраққа жауап іздеді! Түрлі ситуациялық сұрақтарға жауап беріп,
"Есірткісіз болашақ!"
20
ноябрь
2021
"Есірткісіз болашақ!"
   Нұрлы болашаққа қауіп төндіріп тұрған дерт, талай өмірді жалмаған індеттің бірі – нашақорлық! Тәні мен жаны сау адамдардың ынтымағы жарасқан қоғамда өмір сүру Қазақстан жастарының алға қойған негізгі мақсаты. Жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында М.Мақатаев атындағы 140 гимназиямызда "Есірткісіз болашақ!" тақырыбында сынып сағаттары, танымдық дәрістер мен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқушыларға тақырып аясында видеороликтер мен осы дерттің
Елордада Мұқағали Мақатаев атындағы Мәжіліс залының ашылу салтанаты
17
ноябрь
2021
Елордада Мұқағали Мақатаев атындағы Мәжіліс залының ашылу салтанаты
     Биыл, Мұқағали Мақатаевтің туғанына 90 жыл. Елордадағы ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев атындағы Мәжіліс залының ашылу салтанаты өтті. Бұл, мұзбалақ ақынның мол мұрасын насихаттап, рухани тағылымын қалыптастыратын ортаға септігін тигізері сөзсіз.  Ақын атындағы зал оның шығармаларымен көмкерілген. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев; мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым,
«Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары және олардың міндеттері» тақырыбында сынып
13
ноябрь
2021
«Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары және олардың
    13.11.2021 жылы 5-11-сынып оқушыларына «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары және олардың міндеттері» тақырыбында сынып сағаты өтті. Бала құқығы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңында айтылған. 53 баптан тұратын бұл заң балалар мен жасөспірімдердің жеке мүддесін қорғауға, тұлға ретінде тануға және қалыптастыруға жол береді. Сынып сағатында оқушыларға бала құқығы мен оның міндет-мақсаттары толықтай таныстырылып, түсіндірілді. 
Алматы қаласының бүкіл стильдік ашық турнирі
11
ноябрь
2021
Алматы қаласының бүкіл стильдік ашық турнирі
     Қарашаның 2-сі, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Қазақстанның спорт және туризм академиясында каратэ мамандандыруының ашылуына 20 жыл толуына орай, бірінші Алматы қаласының бүкіл стильдік ашық турнирі өтті. 10-11 жас аралығындағы балалар арасында өткен жарыстан  гимназияның 5 «Д» сынып оқушысы – Талғатұлы Ілияс, ІІ орынды иеленді. Көк туымызды әлемдік аренада желбіретін спортшы болуына тілектеспіз!
Халықаралық би конкурсы және таэквондо жарысы
11
ноябрь
2021
Халықаралық би конкурсы және таэквондо жарысы
    М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның  5 «Е» сынып оқушылары күзгі демалыста түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Тойбазар Амина халықаралық би конкурсынан бас жүлдені иеленді, Бейсен Арсен шахмат жарысынан ІІІ разрядқа өтсе, Боранбай Байсұлтан таэквондодан өткен  жарыста алтыннан алқа тақты. Оқушыларды және бала жанынан табылып, қолдау көрсеткен ата-аналарды жеңістерімен құттықтаймыз!
“Мұзбалақ” пікірсайыс клубының  кезекті жиналысы
10
ноябрь
2021
“Мұзбалақ” пікірсайыс клубының кезекті жиналысы
   М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда қарашаның 10-ы күні, пікірталас қозғалысын дамыту мақсатында “Мұзбалақ” пікірсайыс клубының  кезекті жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында Америкалық парламеттік форматының қыр-сыры түсіндіріліп, ақпарат алмасылды. Жиналысқа 7,8,9-сынып оқушылары қатысып, ойын қағидаларымен таныс болды.  Жаңа тақырыптар талданып, қызу талқыға түсті. Алдағы уақытта клуб жиналыстары ұйымдастырылып, аудандық бәсекелерге дайындық жұмыстары жүргізілмек.
«Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» танымдық дәріс
04
ноябрь
2021
«Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп»
«Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» танымдық дәріс    Бүгінгі таңда әлем бойынша күн тәртібінен түспей тұрған өзекті мәселелердің бірі – терроризм. Діни білімнің аздығынан немесе арбаушылардың көптігінен жастардың арасында адасулар көптеп кездесіп жатыр. Қазанның 11  күні,  9-11 – сынып оқушыларына  «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты дәріс оқылды. Дәрісті директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Бақтияр Үсенұлы мен дінтанушы Қамысбек