Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
ноябрь
2021

"Есірткісіз болашақ!"

   Нұрлы болашаққа қауіп төндіріп тұрған дерт, талай өмірді жалмаған індеттің бірі – нашақорлық! Тәні мен жаны сау адамдардың ынтымағы жарасқан қоғамда өмір сүру Қазақстан жастарының алға қойған негізгі мақсаты. Жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында М.Мақатаев атындағы 140 гимназиямызда "Есірткісіз болашақ!" тақырыбында сынып сағаттары, танымдық дәрістер мен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқушыларға тақырып аясында видеороликтер мен осы дерттің салдарынан зардап шеккен адамдардың сұхбаттары көрсетілді. Оқушылар «бұл індеттің алдын қалай алуға болады» деген сұраққа өз ойларын білдіріп, пікірлерін ортаға салды. Денсаулықтың қадірін білетін шәкірттеріміз, ұлт болашағына алаңдайтын оқушыларымыз осы тақырып аясындағы іс-шараларға белсенді ат салысты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: