Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Елордада Мұқағали Мақатаев атындағы Мәжіліс залының ашылу салтанаты
17
ноябрь
2021

Елордада Мұқағали Мақатаев атындағы Мәжіліс залының ашылу салтанаты

     Биыл, Мұқағали Мақатаевтің туғанына 90 жыл. Елордадағы ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев атындағы Мәжіліс залының ашылу салтанаты өтті. Бұл, мұзбалақ ақынның мол мұрасын насихаттап, рухани тағылымын қалыптастыратын ортаға септігін тигізері сөзсіз.  Ақын атындағы зал оның шығармаларымен көмкерілген. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев; мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, жазушы Мырзатай Жолдасбеков; ақын, Қазақстан жазушылар одағының басқарама төрағасы Ұлықбек Есдәулет; фольклоршы ғалым, Қазақстан Ұлттық  Ғылым Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов, М.Мақатаев келіні - Бақылгүл Айдарова сынды қоғам қайраткерлері мен шығармашыл жастар қатысты. Жиналған зиялы қауым, бұл әдебиет пен руханият үшін маңызы зор деп бағалап, әдебиетті сүюге және өлең құдіретін бағалай білуге баулитын мұра екенін атап өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: