Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовпен кездесу
07
октябрь
2022
Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовпен
     М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда Қазақстан Республикасының  оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың Алматы қаласы мектептерінің директорларымен кеңесі өтті.  Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов білім беру саласында болатын өзгерістермен таныстырды. Ағылшын тілі мұғалімдерінің қызметіне тоқталып, енді ағылшын тілі мұғалімдері пәнді меңгеру деңгейін анықтайтын тестілеуден өтетінін, сонымен қатар мектепте 10-11 сыныптар күн сайын ағылшын тілін
Кәсіптік бағдар беру
03
октябрь
2022
Кәсіптік бағдар беру
    Кәсіптік бағдар беру мақсатында гимназияның 10-11 - сыныптарына жоғары оқу орындарын таныстыру, мамандық таңдау, халықаралық бағдарламалардың мүмкіндіктері сынды тақырыптар аясында жүргізілген тренинг жұмыстары.
"Білгірлер бәйгесі" тақырыбында жаратылыстану бағыты бойынша сайыс
03
октябрь
2022
"Білгірлер бәйгесі" тақырыбында жаратылыстану бағыты бойынша сайыс
     Қазанның 3-і М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 5-6-сыныптары арасында "Білгірлер бәйгесі" тақырыбында жаратылыстану бағыты бойынша сайыс болып өтті. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар оқушыларымыз білімдерін ортаға салып, таным-түсініктерін кеңейте түсті. Жарыс нәтижесі қаралып, сараланып, үздік шыққан оқушылар жүлделі орындармен марапатталды.
"Дублер" күніне орай гимназияның "Өзін-өзі басқару" ұйым мүшелері ұстаздарының орнанына мұғалімдік қызмет атқаруы
30
сентябрь
2022
"Дублер" күніне орай гимназияның "Өзін-өзі басқару" ұйым мүшелері
     "Дублер" күніне орай М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның "Өзін-өзі басқару" ұйым мүшелері ұстаздарының орнанына мұғалімдік қызмет атқарды. Жоғары деңгейдегі дайындықпен келген мұғалімдер, оқушыларды бірден үйіріп алды. Жаңа технологиялар мен ерекше жобалар ұсынған мұғалімдердің еңбектері ерекше бағаланып, ұстаздар тарапынан қолдау көрсетілді. Өздеріне ерекше әсер алып, шабыттанған оқушы мұғалімдеріміз қанаттана түсті әрі ұстаздық қызметтің ұлылығын ұғына алды.
Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай футбол жарысы
29
сентябрь
2022
Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай футбол
Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда футболдан жарыс ұйымдастырылды. 9-10 – сыныптар арасында өткен тартысты жарыс нәтижесі төмендегідей:  І орын – 10 «Ә» сыныбы ІІ орын – 10 «В» сыныбы ІІІ орын – 9 «Д» сыныбы «Үздік қорғаушы» номинациясы – Дюйсенхан Жаслан «Үздік ойыншы» номинациясы – Маханов Дидар «Үздік қақпашы» номинациясы – Мұсырманқұлов Рауан
Шәкірттеріміз №4 кітапханада қалалық деңгейде іс-шарада
28
сентябрь
2022
Шәкірттеріміз №4 кітапханада қалалық деңгейде іс-шарада
      Қарттар күніне орай №4 кітапханада қалалық деңгейде іс-шара өткізілді. Мерекелік бағдарламаға М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның ұстазы Сымбат Спандиярқызының жетекшілігімен 9-сынып оқушылары барып қайтты. Ардагерлермен кездесу барысында оқушылар жыр-шумақтарынан шашу шашып, ізгі лебіздерін арнады. Ақылы асқан дариялардың ақыл-кеңестерін тыңдап, тағылымы мол кештің куәгерлері болды.
«МЫҢ БОЯУЛЫ ҚАЛА»
26
сентябрь
2022
«МЫҢ БОЯУЛЫ ҚАЛА»
       Талай жастың көкірек көзін ашып, таудай талабы, таланты бар тұлғаларды тәрбиелеген қасиетті мекен – Алматы. Алатаудың бөктеріндегі әсем қаланы адуынды ақындар өлеңіне, сазгерлер әніне қосса, жеңісін Алматыға арнамаған спортшы кемде-кем шығар. Алматы – мың бояулы, мың жылдық тарихы бар қала. Алматы – халықтар арасындағы өзара достық пен түсіністіктің мызғымас символы. Қала күніне орай М. Мақатаев атындағы №140 гимназияда “AMANAT” партиясы Бостандық аудандық филиалының қатысуымен  «МЫҢ