Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовпен кездесу
07
октябрь
2022

Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовпен кездесу

     М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда Қазақстан Республикасының  оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың Алматы қаласы мектептерінің директорларымен кеңесі өтті. 
Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов білім беру саласында болатын өзгерістермен таныстырды. Ағылшын тілі мұғалімдерінің қызметіне тоқталып, енді ағылшын тілі мұғалімдері пәнді меңгеру деңгейін анықтайтын тестілеуден өтетінін, сонымен қатар мектепте 10-11 сыныптар күн сайын ағылшын тілін үйренетінін, орта мектептерде ағылшын пәнінің сағаттарының көбейетінін атап өтті.
Сондай-ақ, А.Аймағамбетов барлық мектептер біртіндеп жалақы жүйесіне көшуі керек екенін атап өтті. Жалақы жүйесіне көшсек, көп мүмкіндіктерге қол жеткізуге болатындығына тоқталды. Министр оқулықтарға қатысты мәселелердің қарастырылып жатқанын жеткізді. Үй тапсырмасы планшеттің көмегімен орындалады. Мектепке қабылдау үшін құжаттарды тапсыруға өзгерістер енгізіледі, осы сияқты көптеген оқу-ағарту саласындағы өзгерістерді атап кетті.
      Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов пен Алматы қаласы мектеп директорлары арасында сұхбат сұрақ-жауаптар легімен жалғасын тапты. Нәтижесінде, бүгінгі таңдағы білім саласында орнап отырған өзгерістер мен жаңашылдыққа мектеп басшылары мен ұстаздарының дайын болу керектігі, талапқа сай қарқынды технологиялық стратегияларды меңгере білулері шартты екендігі ескертілді. Кездесу соңында білім саласы басшылары көкейдегі сауалдарына жауап тауып, көңілдері дән риза тарқасты. 
Ұлмекен Лесбек
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: