Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
сентябрь
2022

«МЫҢ БОЯУЛЫ ҚАЛА»

       Талай жастың көкірек көзін ашып, таудай талабы, таланты бар тұлғаларды тәрбиелеген қасиетті мекен – Алматы. Алатаудың бөктеріндегі әсем қаланы адуынды ақындар өлеңіне, сазгерлер әніне қосса, жеңісін Алматыға арнамаған спортшы кемде-кем шығар. Алматы – мың бояулы, мың жылдық тарихы бар қала. Алматы – халықтар арасындағы өзара достық пен түсіністіктің мызғымас символы. Қала күніне орай М. Мақатаев атындағы №140 гимназияда “AMANAT” партиясы Бостандық аудандық филиалының қатысуымен  «МЫҢ БОЯУЛЫ ҚАЛА» тақырыбында фестиваль өтті. Мың бұралған «Еркеназ» би тобының қыздары «Шашу биімен» фестивальдің шымылдығын ашса, «Еркеназ» жетігеншілер ансамблі Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйімен әсем кештің көркін әуелете түсті. Поэзияға жаны құмар ақынжанды оқушыларымыз өз шығармашылықтарынан «Әсем қала – Алматыға» жыр-шумақтарын арнаса, талантты шәкірттеріміз қойылым қойып, өнерлерімен жиылған көрермендерді тәнті етті. Ән айтылды, күй тартылды... Келешегі кемел, алты Алаш бас қосқан қасиетті мекен – Алматымыздың айтулы күнін гимназия жоғары дәрежеде, өз деңгейінде атап өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: