Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу
27
май
2021
Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу
    31 Мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда Халық  қасіреті - Сталинизмнің орнығуы,  ондағы жазалау шаралары,  Қазақстандағы – лагерьлер өлкесі туралы түсінік беру мақсатында тәрбие сағаттары өткізілді. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихына шолу жасалынып, бір минут үнсіздікпен құрбандар еске алынды. Саяси  қуғын – сүргін  мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен  көз жасына
Жазғы мектеп
27
май
2021
Жазғы мектеп
   «26 мамырдан 19 маусымға дейін мектептерде жазғы мектеп ұйымдастырамыз. Жалпы бұл ерікті түрде болады, ол қосымша қаржыландыруды қажет етпейді» – деп, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеме жасаған болатын. Осыған орай, М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда білім берудегі олқылықтың орнын толтыруға, сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беретін жазғы мектеп, өз жұмысын бастады.
«Өмірді сүю-өзіңді сүю» тақырыбында  аудандық онлайн семинар
23
май
2021
«Өмірді сүю-өзіңді сүю» тақырыбында аудандық онлайн семинар
   2021 жылы 22 мамыр күні 12:00-де «Өмірді сүю-өзіңді сүю» тақырыбында  аудандық онлайн семинар өтті. Семинарға ауданымыздың Білім бөлімінің әдіскерлері, аудан мектептерінің  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологтары, ұланбасылары, 10-сынып оқушылары қатысты. Семинардың басты мақсаты: оқушылардың өмірге деген құлшынысын арттыру, стресс пен қобалжуды алдын алу, мамандармен тәжірибе алмасу.    Семинар барысында , «Стресті жеңу жолдары» тақырыбында гимназия психологы Меруерт Даулетқызы,
Ата-аналар жиналысы
22
май
2021
Ата-аналар жиналысы
22.05.21 күні оқу жылын қорытындылау мақсатында Республикалық ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі, балалар психологиясы, жазғы мектептен оқу жүйесі қарастырылды. Ата-аналар өз сұрақтарына жауап алып, өз ойларын ортаға салды.
«Отбасы – бақыт мекені»
15
май
2021
«Отбасы – бақыт мекені»
   М.Мақатаев атындағы № 140 гимназияда, 15-мамыр Халықаралық отбасы күніне орай 5-7 сыныптар арасында, «Отбасы – бақыт мекені» атты викториналық ойын сабақтары өткізілді. Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Болашақ ұрпақтың - еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасатыны сөзсіз. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші, білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.  Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы десек, осы орайда
“Отбасы - ұлттың тірегі”
14
май
2021
“Отбасы - ұлттың тірегі”
    Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады.  15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай, гимназиямызда, “Отбасы - ұлттың тірегі” тақырыбында, 8-10 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді.  Халқымыздың мақал - мәтелдерінен, даналық сөздерінен де ата-ананың қадір –қасиеті туралы айтылған асыл сөздерді таба аламыз. «Алты аға бірігіп - әке болмас,  Жеті жеңге бірігіп - ана болмас»,- деген сөзде де терең ой жатыр.
Гимназия шәкірттерінің челленджі
10
май
2021
Гимназия шәкірттерінің челленджі
    Қан майданда қаза тапқан, батыр бабаларының рухына тағзым етіп, ерліктерін ұлықтау мақсатында, гимназиямыздың шәкірттері челлендж ұйымдастырған болатын. Соғыс жылдары көрсеткен ерліктері мен есімдерін тілге тиек етіп, игі бастаманың ұйытқысы болды.
Гимназия шәкірттерінің челленджі
09
май
2021
Гимназия шәкірттерінің челленджі
    Қан майданда қаза тапқан, батыр бабаларының рухына тағзым етіп, ерліктерін ұлықтау мақсатында, гимназиямыздың шәкірттері челлендж ұйымдастырған болатын. Соғыс жылдары көрсеткен ерліктері мен есімдерін тілге тиек етіп, игі бастаманың ұйытқысы болды.
«Бейбіт күн жасасын әлемде»
08
май
2021
«Бейбіт күн жасасын әлемде»
   Жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Осы мақсатта, М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда «Бейбіт күн жасасын әлемде» тақырыбында, 1-10 сыныптар арасында мәнерлеп оқу челленджі өтті. Оқушылар Жеңіс күнін ұлықтап өлендерін паш етті.