Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
МЕКТЕПІШІЛІК КОНКУРС 2
31
март
2022
МЕКТЕПІШІЛІК КОНКУРС 2
    Байқауда бірлестіктер арасында бас жүлдені филология пәндер бірлестігі (60000 тг), І орынды қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігі (45000 тг), ІІ орынды бастауыш сынып пәндер бірлестігі, математика-информатика пәндер бірлестігі (35000 тг), ІІІ орынды ғылыми-жаратылыстану пәндер бірлестігі мен АӘД және дене шынықтыру пәндер бірлестігі (25000 тг) ие болды. Мектеп ұстаздарына жақында ғана жарық көрген ұстаз-ақынның «Жалғанның қонақтары» жыр жинағы тарту етілді.
«Қазағым сағынды, рас, Мұзбалағын» атты мерекелік іс-шара
25
март
2022
«Қазағым сағынды, рас, Мұзбалағын» атты мерекелік іс-шара
 «Қазағым сағынды, рас, Мұзбалағын» атты мерекелік іс-шара       2022 жылдың 25 наурызы күні Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Қазағым сағынды, рас, Мұзбалағын» атты М.Мақатаевтың 91 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті. Күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып қайтарған классик, дала даналығын бесігінен сімірген дарабоз, өзгелер көре білмеген сырды, өзгелер өре білмеген жырды ұсына білген сөз ұстасы – М.Мақатаевтың шығармашылығы
Наурыз мерекесіне шәкірттеріміздің ат салысуы
22
март
2022
Наурыз мерекесіне шәкірттеріміздің ат салысуы
      Алматы қаласы Білім басқармасы оқушылар сарайында ұйымдастырылған Наурыз мерекесінде Тлеужанова Дильназ белсенділік көрсетіп, марапатталды. Ұлттық мерекеміздің қадір-қасиетін бойына сіңірген ақылды қызымыз әз-Наурызды махаббатпен ұйымдастырып, қала көлеміндегі іс-шараға ұйытқы болды. Алдағы уақытта жанынан тек жақсы адамдар табылып, игі істің басында жүрер басшы болуына тілектеспіз.
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
18
март
2022
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен
    Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
18
март
2022
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
    Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт-береке әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Бітіруші түлектер Наурыз мерекесіне орай концерт ұйымдастырды
16
март
2022
Бітіруші түлектер Наурыз мерекесіне орай концерт ұйымдастырды
    Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесін М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның бітіруші түлектері, биыл ерекше леппен аяулы ұстаздары мен ісбасарларына мерекелік концертпен сезіндіре білді. Айгүл Кеңесбайқызы, Қорлан Кеңесбайқызы, Ләззат Төлеуқызы, Кәмшат Қайратқызының жетекшілігімен 11-сынып оқушылары, қазақтың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін
«Қыз сыны» байқауы
14
март
2022
«Қыз сыны» байқауы
   Ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын қыздарға дұрыс бағыт-бағдар беру, жастар арасында ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау,  жас буынға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, әдепті іс-қимыл мен сымбатты жүріс-тұрыс сынды ұғымдарды түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын шыңдау мақсатында М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда, Гүлсім Сейтқалиқызының ұйымдастыруымен наурыздың 13-і «Қыз сыны» байқауы өтті. Әр кезеңнен сүрінбей, дүйім жұртқа
«Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары
14
март
2022
«Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары
     «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары    М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда 11.03.2022-14.03.2022 күндері аралығында, 5-11 сыныптар арасында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары өтті. Гимназия директоры  С.Ө.Тілеубай, саяси өмірдің әртүрлі мәселелерін кәсіби әрі терең түрде түсіну, қоғамдағы келеңсіз оқиғалардан сақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу сынды мәселерлерді көтеріп, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын қарастырды.