Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
1 маусым - Балаларды қорғау күні
01
июнь
2021
1 маусым - Балаларды қорғау күні
   Білім басқармасының қолдауымен, 1 маусым - Балаларды қорғау күні халықаралық мерекесі қарсаңында, М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда бала еңбегіне қатысты 12 күндік ұлттық ақпараттық науқан басталды. Қашықтан ұйымдастырылып жатқан науқан шымылдығы 01.06.2021 жылы ашылып, 12 күнде өткізілетін іс-шараның мазмұны мен маңыздылығы ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар қауымына таныстырылды.
Қорытында аттестаттау
28
май
2021
Қорытында аттестаттау
Қорытында аттестаттау 2020-2021 оқу жылы   Алматы қаласының білім Басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігінің мектепке дейінгі және орта білім білім беру комитетінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №18-2/468 хатына сәйкес, М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, 9-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау емтихандары,  ал бітіруші 11-сынып түлектері үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандары басталды.
Мемлекеттік рәміздер күні
28
май
2021
Мемлекеттік рәміздер күні
    Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Гимназиямызда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күніне орай, ашық сабақтар мен сынып сағаттары өткізілді. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеуге ұйытқы болған тәлімдік сабақтар, жоғары деңгейде ұйымдастырылды
Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу
27
май
2021
Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу
    31 Мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда Халық  қасіреті - Сталинизмнің орнығуы,  ондағы жазалау шаралары,  Қазақстандағы – лагерьлер өлкесі туралы түсінік беру мақсатында тәрбие сағаттары өткізілді. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихына шолу жасалынып, бір минут үнсіздікпен құрбандар еске алынды. Саяси  қуғын – сүргін  мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен  көз жасына
Жазғы мектеп
27
май
2021
Жазғы мектеп
   «26 мамырдан 19 маусымға дейін мектептерде жазғы мектеп ұйымдастырамыз. Жалпы бұл ерікті түрде болады, ол қосымша қаржыландыруды қажет етпейді» – деп, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеме жасаған болатын. Осыған орай, М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда білім берудегі олқылықтың орнын толтыруға, сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беретін жазғы мектеп, өз жұмысын бастады.
Сыңғырла күміс қоңырау!
25
май
2021
Сыңғырла күміс қоңырау!
Бұл күн - «мектебім, ұстазым» деп көңіл қимастық кешкен күн. Бұл күн – әжең, ақ жол тілеп, атаң, ақ бата берген күн. Бұл күн – ата - анаң, қызым бой жетті, ұлым ер жетті деп шаттанған күн. Бұл күн – ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет қауышқан күн. Бұл күн – арман қуып алысқа аттанған күн. Бұл күн – жаңа өмір басталған күн.Иә, бұл тояттамас сезім мен шынайы қимастықтың куәсі болған - 25 мамыр, соңғы қоңырау күні! Биыл, әлемді жайлаған қатерлі індет салдарынан, М.Мақатаев атындағы N140
«Өмірді сүю-өзіңді сүю» тақырыбында  аудандық онлайн семинар
23
май
2021
«Өмірді сүю-өзіңді сүю» тақырыбында аудандық онлайн семинар
   2021 жылы 22 мамыр күні 12:00-де «Өмірді сүю-өзіңді сүю» тақырыбында  аудандық онлайн семинар өтті. Семинарға ауданымыздың Білім бөлімінің әдіскерлері, аудан мектептерінің  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологтары, ұланбасылары, 10-сынып оқушылары қатысты. Семинардың басты мақсаты: оқушылардың өмірге деген құлшынысын арттыру, стресс пен қобалжуды алдын алу, мамандармен тәжірибе алмасу.    Семинар барысында , «Стресті жеңу жолдары» тақырыбында гимназия психологы Меруерт Даулетқызы,
Ата-аналар жиналысы
22
май
2021
Ата-аналар жиналысы
22.05.21 күні оқу жылын қорытындылау мақсатында Республикалық ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі, балалар психологиясы, жазғы мектептен оқу жүйесі қарастырылды. Ата-аналар өз сұрақтарына жауап алып, өз ойларын ортаға салды.
«Сақтансаң, сақ боларсың!»
20
май
2021
«Сақтансаң, сақ боларсың!»
    20.05.2021 ж. «Сақтансаң, сақ боларсың!» тақырыбында 1-10 сыныптар аралығында, судағы қауіпсіздік ережелері туралы тәрбие сағаттары өткізілді. Балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелерін, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Жазда осындай келеңсіз жағдайлардың орын алмауын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген шаралардан оқушылардың алған тәлімі мол екені сөзсіз.