Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Желбіре, жеңіс жалауы!
12
май
2023
Желбіре, жеңіс жалауы!
Жеңіс күні мерекесіне орай "Желбіре, жеңіс жалауы!" тақырыбында мектебімізде мерекелік іс-шара өтті. Жеңіс жолында аянбай күрескен батырларымызды еске алып, ерліктеріне алғыс айттық. Шәкірттеріміз ән салып, би билеп, соғыс жылдарынан көрініс қойды. 
Балалық шаққа саяхат
12
май
2023
Балалық шаққа саяхат
Мектеп бітіруші түлектерімізге арналған "Балалық шаққа саяхат" атты бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен сабақ өтті. 11-сынып оқушылары өздерінің мектеп табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап оқыған әліппесін, жазған жұмыстарын, бастауыш сыныптағы суреттерін қарап, балалық шаққа саяхат жасап қайтты. Сынып жетекшілеріне алғыс айтып, көңілді уақыт өткізді.
Республикалық чемпионат
11
май
2023
Республикалық чемпионат
9”Ж” сынып оқушысы Аубакир Абзал Қызылорда қаласында өткен Республика чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды. Құттықтаймыз! Әлемдік деңгейдегі спортшы болып,биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!  
"Елбасы медалі"
11
май
2023
"Елбасы медалі"
Амангелдиева Амина “Елбасы медалі” жобасының қола медаль жүлдегері атанды. Керемет! Құттықтаймыз! 
Қалалық олимпиада
11
май
2023
Қалалық олимпиада
Алматы қаласы Білім басқармасының “Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы мен “Dostyq school” мектебінің ұйымдастыруымен өткен 9-сыныптар арасындағы қалалық олимпиадаға шәкіртіміз Маукен Әнуар қатысып, 3-орын иеленді. Тамаша жетістік! Құттықтаймыз!  
"Елбасы медалі" жобасы
11
май
2023
"Елбасы медалі" жобасы
Оңғарбаева Аделия “Елбасы медалі” жобасының күміс медаль иегері атанды. Құттықтаймыз! Табандылықты, төзімділікті талап ететін бұл жобада шәкіртіміз өзін жақсы дамытып, шығармашылығын арттырғанына сеніміміз мол!
Халықаралық турнир жеңімпазы
10
май
2023
Халықаралық турнир жеңімпазы
2"Е" сынып оқушысы Қабидолла Даниял Анталия қаласында өткен дзюдодан халықаралық турнирден 3-орын алып, мектеп қоржынын бір медальмен толықтырып жатыр. Құттықтаймыз! Әлемдік деңгейде көк туымызды желбірететін азамат болуына тілектеспіз!