Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бітіруші түлектер Наурыз мерекесіне орай концерт ұйымдастырды
16
март
2022

Бітіруші түлектер Наурыз мерекесіне орай концерт ұйымдастырды

    Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесін М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның бітіруші түлектері, биыл ерекше леппен аяулы ұстаздары мен ісбасарларына мерекелік концертпен сезіндіре білді. Айгүл Кеңесбайқызы, Қорлан Кеңесбайқызы, Ләззат Төлеуқызы, Кәмшат Қайратқызының жетекшілігімен 11-сынып оқушылары, қазақтың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін ерекше қойылым мен көркем би арқылы шебер өрнектей білді. Заманауи айтыс пен халық әнін, ұлттық ойын мен халық әзілін шебер үйлестіре білген шығармашылық кеш, келген барша қауымға көтеріңкі көңіл мен рухани азық сыйлады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: