Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әрбір бала – бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» атты ұран бойынша өтілді
24
декабрь
2021

«Әрбір бала – бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» атты ұран бойынша өтілді

     М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда өтілетін дәстүрлі іс-шараның бірі «Әрбір бала – бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» атты ұран бойынша өтіледі. Биылғы оқу жылының ІІ тоқсанында аудандық, қалалық, республикалық түрлі байқау мен жарыстарға қатысып, жүлделі орынмен марапатталған шәкірттеріміз өте көп. Аталмыш шара 24.12.2021 жылы мәжіліс залында өтілді. Осындай дарында да талапты шәкірттерге және ата-аналарына гимназиямыз ерекше алғысын білдіреді.  «Әрбір бала – бір жұлдыз» атты іс-шарада дарынды шәкірттерімізді марапаттап қана қоймай, олардың аяулы мектептері мен өз ортасына танылуына қолдау көрсетіледі. Гимназиямыз әрбір талапты да талантты шәкірттерімен мақтанады. Жан-жақты гимназия шәкірттері спорт әлемінде, зияткерлік білім сайыстары мен ән-би байқауларында өз бақтарын сынап, алғырлықтары мен тапқырларын шыңдауда. Жас жұлдыздарымызға сәттілік тілей отырып, мол табыстар мен жеңістер тілейміз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: