Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
февраль
2024

Әкелер форумы

Алматы қаласы Бостандық ауданына қарасты  ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» МКК-де «Бір әкесінің тәрбиесін…» атты Әкелер форумы өтті. Форумның мақсаты гимназиядағы «Әкелер алқасының» жұмысын жандандыру, «Бала тәрбиелеу  концепциясын» жасақтау болатын.  Екі кезеңнен тұрған форумға 200-ден аса әке қатысты.
Форумның алғашқы кезең пленарлық отырысты гимназиядағы Қамқоршылық кеңесі төрағасы, шара модераторы Түгелбаев Қанат Саяхметұлы кіріспе сөзімен ашты.  Отырыста  гимназия директоры С.Тілеубай  «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында кеңінен сөз қозғады. «Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген М.Әуезовтің пікіріне сай, бала тәрбилеудің түрлі құралдары мен ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі жайлы құнды ойлар айтылды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Темурбаева гимназиядағы  «Әкелер алқасының» жұмыс жоспарына тоқталып, алқа жұмысын жандандырудың қажеттігін алға тартты.   Гимназия  ата-анасы Мақсат Көшегенұлы «Әке парызы» тақырбыныда ойын ортаға салса, гимназияның Қамқоршылық кеңесі төрағасы Қ.Саяхметұлы бала тәрбиелеудің жаңа концепциясы қажет екенін атап өтіп, алдағы атқарылатын шаралар жобасын ұсынды.
Пленарлық отырыс соңында ашық микрофон беріліп, әкелер:  «Біздер, әкелер, бар күшімізді бала тәрбиесіне арнауға тиістіміз! 100 жұмыс болса да, соның көш басында бала тәрбесі деген жұмыс ең өзектісі болуы керек! Біздер, әкелер, мектеппен байланысымызды нығайтуымыз керек! Біздер, әкелер, ұрпақ  тәрбиелеуде аянбауымыз  керек! Біздер, әкелер, ұлды ұлықты, қызды ибалы етіп, өсіру үшін отанасын сыйлап, отағасы ретінде үлгі тұлға болуымыз керек деп есептейміз!  Осы жолдағы еңбегіміз жемісті болғай! Барша әкелер қауымына бала тәрбиесінде жетістіктер мен жеңістер тілейміз!»  деген жүрекжарды, жалынды сөздерімен түйіндеді.
Жоспарға  сай форум  гимназияның дарынды шәкірттерінің «Қуан сен, қуана бер, Әкетайым!» атты қонцерттік бағдарламасына ұласты. Оқушылар жарыса, әке туралы өлеңдер оқып, күй тартып, ән айтып, би билеп, әкелерге ерекше көңіл-күй сыйлады.  Алдағы уақытта аналармен қоса,  әкелермен де түрлі тақырыпта, жаңаша форматта көптеген шараларды ұйымдастыру жоспарландуа.
«Бір әкесінің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды» демекші, иә, отбасындағы әкенің орны бөлек. Ол – отбасының бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті жан. Бұл шараның тек әке бойында бала тәрбиесіне деген дұрыс көзқарас қалыптастырып қана қоймай,  әкені сыйлауды, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарауды  бала бойына сіңірері хақ.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: