Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әрбір бала - бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер!
02
февраль
2024

Әрбір бала - бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер!

“Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауға көмектес”, – дейді байырғы бабамыз Жүсіп Баласағұн. Баланың бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар беру-әр ұстаздың, әрбір білім жолында қызмет еткен жандар үшін маңызды міндет болып есептеледі. Қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын оқып-үйреніп, күнделікті сабақтарда шығармашылықпен пайдаланып отырса, нәтижесін берері сөзсіз.  
Қаңтар айында шәкірттеріміздің жеткен жетістіктері:

1) 8 "Е" ссынып оқушысы Сауданбек Ерасыл Республикалық "Абай әлемі" шығармашылық байқауының қалалық кезеңінде "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін..." бағыты бойынша І дәрежелі  дипломмен марапатталды. Жетекшісі - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ибрагимов Алтынбек. 

2) 3 "И" сынып оқушысы Орынбек Айқын Түркістан қаласында өткен "Тіл-баға жетпес мұра" атты 1-11-сынып оқушылары арасында өткен Республикалық мәнерлеп оқу байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі - Сутемгенова Арай Бақытбекқызы. 

3) 4 "Е" сынып оқушы  Амантай Әміржан Астана қаласы "Оқушылар сарайында" өткен  Халықаралық «Ғажайып жұлдыздар» фестивалінде І орынды иеленді. Жетекшісі - Ермек Берекет Теміртайұлы. 

4) 3) 3 "Ж" сынып оқушы  Амантай Нұрман Астана қаласы "Оқушылар сарайында" өткен  Халықаралық «Ғажайып жұлдыздар» фестивалінде І орынды иеленді. Жетекшісі - Ермек Берекет Теміртайұлы. 
5) 5 "В" сынып оқушысы Қалдыбай Айым Өзбекстан би одағы ұйымдастырған ," Евразия- 2024" Халықаралық би фестивальында "Ювеналы 2 СОЛО Н-4 (W, Q, Ch, S)"  сейшн  би жарысында үздік атанып, І орынды иеленді. Сынып жетекшісі - Нұрай Әбунасырқызы.
6) 7 «Б»  сынып оқушысы Махсат Әбдмүтәллиб «Ғұмырдария» орталығы ұйымдастырған XVI Халықаралық "Кел,болашақ" М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған жасөспірімдер мен жастар арасындағы ән-жыр өнер байқауында  оқ бойы оза шауып, І орындыиеленді.  Жетекшісі -Чайзаданова Гүлсім Сейітқалиқызы.
7) 2 "Ж"  сынып оқушысы Тынымбай Алуа “Көркем гимнастика” жарысынан  жүлделі І орынды иеленді. Сынып жетекшісі - Ләйлә Өмірзаққызы. 
8) 3 "И"ынып оқушысы Қалдыбай Дана Өзбекстан би одағы ұйымдастыруымен өткен "Евразия-2024" Халықаралық би фестивалінде "Ювеналы 2 СОЛО Н-4 (W, Q, Ch, S)"  сейшн  би жарысында І орынды иеленді.9)  2 "А" сынып оқушысы Абдразах Дінмұхамед қалалық шахмат жарысында 4 разряд бойынша мүмкін болған 10 ұпайдың 8 жинап ІІІ орынды иеленді. 


10) 5 "Ә" сынып оқушысы Шадияр Амирлан Қостанай қаласында өткен хоккейден "Федарация кубогі" атты Республикалық турнирде тамаша ойын көрсетіп ІІІ ойынға жолдама алды. Сондай-ақ ойынның "Ең үздік ойыншысы" номинациясымен марапатталды. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: