Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
январь
2024

Жаңа 2024 оқу жылындағы алғашқы жетістіктер

ШЖҚ "М.Мақатаев атындағы №140 гимназия" МКК ІІІ тоқсанды жақсы жаңалықтармен бастады. 
1) 8-сынып оқушысы Альбекова Адема ZERDE Education оқу орталығының ұйымдастыруымен өткен ІІ Республикалық "Білімді жас - Ел болашағы" атты орыс тілінен өткен олимпиадада топ жарып, ІІ орынды иеленді.

2) 11- сынып оқушысммы Орынбасар Ахмеди IV Халықаралық "Пушкинские чтения"  конкурсында А.С.Пушкиннің "Цветок" шығармасын  мәнерлеп оқып, І орынды иеленді.

3) 5-сынып оқушысы Абдуманап Ханшайым "Абай оқулары" ІІІ Халықаралық әдеби байқауына қатысып, "Ата-анаға көз қуаныш" өлеңімен ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

4) Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дүйсенова Гүлзағира Қазтайқызы Халықаралық тәрбиешілер мен зияткерлік балалар ғылымдар академиясының ұйымдастыруымен "Үздік ашық сабақ" IV республикалық байқауына қатысып, І орынды иеленді. Ашық сабақ тақырыбы: "Қыпшақ Сейітқұл".

5) 2-сынып оқушысы Акимбаева Айша қоғам қайраткері, көрнекті ағартушы М.Дулатұлына арналған  І Республикалық "Оян, Қазақ" шығармашылық байқауында І орынды иеленді. 

6) 2-сынып оқушысы Нұрғали Раяна қоғам қайраткері, көрнекті ағартушы М.Дулатұлына арналған  І Республикалық "Оян, Қазақ" шығармашылық байқауында І орынды иеленді. 

7) 2-сынып оқушысы Нартай Елжан қоғам қайраткері, көрнекті ағартушы М.Дулатұлына арналған  І Республикалық "Оян, Қазақ" шығармашылық байқауында І орынды иеленді. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: