Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ер есімі – ел есінде» тақырыбындағы ерлік сабағы
07
декабрь
2022

«Ер есімі – ел есінде» тақырыбындағы ерлік сабағы

    М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда желтоқсанның 7сі «Ер есімі – ел есінде» тақырыбындағы 28 гвардиялық-панфиловшыларға арналған ерлік сабағы өтті. Салтанатты жиынға ауған соғысының ардагерлері, Бостандық ауданы білім бөлімінің әдіскерлері, әскери бөлімше қызметкерлері, сонымен қатар 10нан астам мектептің оқушылары мен алғашқы әскери дайындық ұстаздары келді. Жиын шымылдығын Бостандық ауданы ауған соғысының "Абырой" бірлестігінің төрағасы Давилбеков Али Нариманович ашты. Жиында 10 "Г" сынып оқушысы Нүсіпбек Тоғжан «28 гвардиялық-панфиловшылар дивизиясының ерліктері мен майдан шебінде жазған отты шығармалары» тақырыбындағы баяндамасын ұсынса, «28 гвардиялық панфиловшылар дивизиясының полк командирі – Бауыржан Момышұлы туралы» тарих пәні мұғалімі – Серік Думан баяндама жасады. Ардагерлер шәкірттерге өз ақыл-кеңестерін айтып, тағылымы мол тарихтан сыр шертті. Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: