Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
июнь
2022

Түлектер концерті

     Маусымның 16-ы мектеп түлектері үшін қимастық пен қуаныш қатар келген маңызды дата еді. Бұл күні ұстаз, ата-ана, мектеп туралы әндер жиі шырқалды.  Қоштасу вальсі биленді. Оқушылардың бал-бұл жанған жүздерінен, көздерінен ерекше бір жалынды байқау қиын емес еді. Ұстаздары алдағы өмірге жүрекжарды тілегін жеткізсе, шәкірттері рақметін білдірді. Әнші Ұшқын Жамалбек келіп, ән салып, алабұртқан шәкірттерге сенім сыйлады. Қолдарына тағы бір төлқұжатын, аттестатын алған түлектер қимай-қимай мектебімен қоштасып, жаңа бір кезеңге қадам басты. Жолдарыңыз ашық болсын дегіміз келеді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: