Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 78
"Championship 2022" Қазақстан байқауы
27
май
2022
"Championship 2022" Қазақстан байқауы
      "Championship 2022" Қазақстан байқауында ІІІ орын алған 3 "А" сынып оқушысы Жұмалиева Әйгерімді жеңісімен құттықтаймыз! Кіп-кішкентай бүлдіршінімізге тек қана толағай жеңістер тілейміз. Алар асуыңыз таусылмасын!
Жазғы мектеп
26
май
2022
Жазғы мектеп
      26 мамыр мен 17 маусым аралығында барлық мектептерде 9 және 11-сыныптардан басқа сыныптар үшін жазғы мектеп ұйымдастырылды. Алғашқы күні сабақтың өту барысымен таныстырылған жиын өтіп, оқушылар өз сыныптарына тарады. Білімге құштар болып, оқу үшін келетін әр баланың үлгерімі үшін жеке жұмыс жасап, ары қарай қанағаттану үшін мұғалімдер тарапынан күш салынып жатыр.
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған қалалық байқау
26
май
2022
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған қалалық байқау
      Жалпы білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған қалалық байқауда өзіндік шығармашылық қарым-қабілетімен ерекшеленгені үшін 8-сынып оқушысы Ескендірова Ұнаржанды марапатымен құттықтаймыз! Қазақтың қайсар қызы болуыңа тілектеспіз. Биіктерді бағындыра беріңіз!
“Сыңғырла, соңғы қоңырау” атты мерекелік жиынымыз
25
май
2022
“Сыңғырла, соңғы қоңырау” атты мерекелік жиынымыз
      Тарыдай болып кіріп, таудай талабымен мектеп табалдырығының соңғы күндерін аттаған түлектер үшін 25 мамыр - ұмытылмас күн. Бұл күн - жүректің жиі дүрсілдеп, қимастық сезімінің соңғы сағаттары орындалатын күн. Бұл күні мектебімізде өткен “Сыңғырла, соңғы қоңырау” атты мерекелік жиынымыздың басты кейіпкерлері де - мектеп түлектері. Сәт сапар, жас түлек!       Халықаралық, республикалық  білім, өнер байқауларынан жүлделі оралған гимназияның 33 оқушысы “Жаңа Қазақстан болашағы” төсбелгісімен
“Еркеназ” жетігеншілер ансамблінің есеп беру концерті
24
май
2022
“Еркеназ” жетігеншілер ансамблінің есеп беру концерті
       24 мамыр күні гимназиямызда республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы “Еркеназ” жетігеншілер ансамблінің есеп беру концерті өтті. Бағдарламада қазақ және шел ел композиторларының туындылары орындалды. Ансамбль жетекшісі халықаралық конкурстардың лауреаты, өнертану ғылымдарының магистрі - Апенова Асылай. Кеш барысында  қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы жетігеннің көмегімен орындалған шығармалар жиналғандардың жанына тыныштық, көңілдеріңе көктем сыйлады. Нәзік
"Адамды, Адам, аяла" мәнерлеп оқу байқауы
23
май
2022
"Адамды, Адам, аяла" мәнерлеп оқу байқауы
       23 мамыр күні №4 орталықтандырылған қалалық кітапханада ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, "Ыбырай Алтынсарин", "Үздік педагог" төсбелгілері мен "Құрмет" орденінің иегері Сафура Сәлімбайқызы Темурбаеваның шығармашылығы бойынша "Адамды, Адам, аяла" мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға қатысушылардың ішінде ұстаз да, студент те, оқушы да кездеседі. Ақын өлеңдерінен жырдан маржан төгіп, әннен шашу шашқан қатысушыларға жүлделі сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Мектебімізден
«Мектептерде саналы ұрпақ тәрбиелеуді ғылыми-практикалық тұрғыдан іске асыру жолдары» жобасы
23
май
2022
«Мектептерде саналы ұрпақ тәрбиелеуді ғылыми-практикалық тұрғыдан
    «Мектептерде саналы ұрпақ тәрбиелеуді ғылыми-практикалық тұрғыдан іске асыру жолдары» жобасы аясында М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда 2022  жылдың   21 мамыр күні Алматы қаласы Білім басқармасы  және Педагогикалық Ғылымдар академиясының ұйымдастыруымен «Ұрпақ тәрбиесіне жүйелі көзқарас: заман талабы және болашақ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның негізгі мақсаты: білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдердің бойына ұлттық тәрбиені сіңіру.
«Ұрпақ тәрбиесіне жүйелі көзқарас: заман талабы және болашақ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция
21
май
2022
«Ұрпақ тәрбиесіне жүйелі көзқарас: заман талабы және болашақ» атты
     М. Мақатаев атындағы №140 гимназияда Алматы  қаласының Білім басқармасы және Педагогикалық ғылымдар академиясының ұйымдастыруымен «Ұрпақ тәрбиесіне жүйелі көзқарас: заман талабы және болашақ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.  Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, «Саналы ұрпақ тәрбиелеу» жобасының ғылыми жетекшісі  Асқарбек Қабыкенұлы конференция жұмысына қатысушыларды «Қазіргі мектептерде саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру» тұжырымдамасымен
«Ұлт болашағы – саналы ұрпақ»
20
май
2022
«Ұлт болашағы – саналы ұрпақ»
      2022  жылдың  11.05  күні  мәжіліс залында  «Ұлт болашағы – саналы ұрпақ» атты жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста білім ордасымен және сынып жетекшілері, пән мұғалімдерімен таныстырылым жүргізілді. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту мақсатында сөз қозғалды. Әр азаматтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті қалыптастыру қажет. Сондықтан   жастарды бала күнінен бастап отанға деген патриоттық сезім мен адалдық қасиеттерді ұялату қажет.  Және де оқулық өткізу мен 
«Сақтансаң, сақ боларсың!» судағы қауіпсіздік ережелері туралы тәрбие сағаттары
16
май
2022
«Сақтансаң, сақ боларсың!» судағы қауіпсіздік ережелері туралы тәрбие
     16.05.2022 ж. «Сақтансаң, сақ боларсың!» тақырыбында 1-10 сыныптар аралығында, судағы қауіпсіздік ережелері туралы тәрбие сағаттары өткізілді. Балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелерін, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Жазда осындай келеңсіз жағдайлардың орын алмауын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген шаралардан оқушылардың алған тәлімі мол екені сөзсіз.