Қош келдің, әз-Наурыз!
20 наурыз күні М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда 10-сыныптардың ұйымдастыруымен «Қош келдің, әз-Наурыз» тақырыбында мерекелік концерт өтті. Концертке оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлерінен тамаша қойылымдар көрсетті. «Бесікке салу», «Тұсау кесер», «Атқа мінгізу», «Қыз ұзату», «Жар-жар» сияқты тамаша қойылымдар көрермендердің көңілінен шықты. Сондай-ақ, оқушылар тақырыпқа сәйкес «Наурыз жыры», «Шақырады көктем» «Қамажай», «Әгигай-ай» сияқты халық әндерін шырқап, «Қара жорға», «Батырлар