Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қош келдің, әз-Наурыз!
20
март
2019
Қош келдің, әз-Наурыз!
20 наурыз күні М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда 10-сыныптардың ұйымдастыруымен «Қош келдің, әз-Наурыз» тақырыбында мерекелік концерт өтті. Концертке оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлерінен тамаша қойылымдар көрсетті. «Бесікке салу», «Тұсау кесер», «Атқа мінгізу», «Қыз ұзату», «Жар-жар» сияқты тамаша қойылымдар көрермендердің көңілінен шықты. Сондай-ақ, оқушылар тақырыпқа сәйкес «Наурыз жыры», «Шақырады көктем» «Қамажай», «Әгигай-ай» сияқты халық әндерін шырқап, «Қара жорға», «Батырлар
6-7 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жалпықалалық ата-аналар жиналысы (онлайн www.1.sabak.kz)
19
март
2019
6-7 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жалпықалалық ата-аналар
М. Мақатаев атындағы №140 гимназияда 19.03.2019 ж. күні сағат 17-00-де www.1.sabak.kz сайтында «Almaty» вертуалды бөлмесінде онлайн тәртібінде Алматы қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы және де басқа мүдделі органдар өкілдерінің қатысуымен 6-7 сынып оқушыларының ата-аналары үшін жалпықалалық ата-аналар жиналысы өткізілді.
Оқырмандар конференциясы
15
март
2019
Оқырмандар конференциясы
Мұхтар Шахановтың «Танакөз» поэмасы бойынша 9 «Ә» сыныбы және сынып жетекшісі Ұ.Жандарбекқызының ұйымдастыруымен оқырмандар конференциясы өтті. Бұл шығарма адал достықты бейнелейтін болғандықтан көрермендерге ерекше әсер етті. Оқушылар поэма желісі бойынша қысқаша көріністер ұйымдастырып, тақырыпты ашты. Ақынның өлеңдерін жатқа оқып, кешті әсерлендіре түсті. Ақын өлеңдерін Мұқағали шығармаларымен байланыстырды. Оқушылар өздерін ерекше қырларымен тәнті етті. Кеш барысында шын достықтың қандай
Аналар мерекесіне арналған әсерлі кеш...
07
март
2019
Аналар мерекесіне арналған әсерлі кеш...
Сыйынар ем Ана деген Тәңірге.... Не деген құдіретті сөз... ! М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда 7 наурыз күні Аналар мен ару қыздардың мерекесіне арналған 9 «А» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткен сынып сағаты дәл осылай аталды. Залды мерекеге сай безендірген, кіріп келгеннен көңілің көтеріліп қалады. Оқушылардың әр өнерге лайық киім киісі, сахна мәдениетін сақтап жүріп-тұрулары, сахна сыртындағы тәртіп сақтаулары, бәріне сынып оқушыларының үлкен дайындықпен келгені көрініп тұрды. Сынып
«Ару-Ана» жаңа жобасы жүзеге асты...
06
март
2019
«Ару-Ана» жаңа жобасы жүзеге асты...
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда «Ару-Ана» байқауының жаңа жобасы жүзеге асты. Жобаның ерекшелігі – байқауға қызымен бірге анасы да қатысып, берілген шарттар бойынша бірге сынға түседі. Байқауға 5-10 сынып бойынша әр сыныптан 1 қыз бала мен анасы қатысты. Байқау 3 шарттан құрылған, сол шарттар бойынша қатысушылар өзара сынасты. Байқау барысында ару қыздар мен аналары сымбаттылығын, сыпайлығын, біліктілігін және өнерлерін, жан-жақтылығын
«Жаңаша басқару менеджменті: өзін-өзі бақылау – өзін-өзі дамыту» қалалық семинар
04
март
2019
«Жаңаша басқару менеджменті: өзін-өзі бақылау – өзін-өзі дамыту»
М.Мақатаев атындағы №140 гимназия ұстаздары «Жаңаша басқару менеджменті: өзін-өзі бақылау – өзін-өзі дамыту» тақырыбында қалалық семинар өткізді. Ұстаз - үздіксіз ізденісте жүретін шығармашыл тұлға. Әлемдік жаңалықтардан хабары бар, жаңа форматтағы ұстаздар - коучтар, тәлімгерлер, тәлім алушылар, жоба жасайтын әрі оны қорғай білетін, жігерлі тұлға, бір сөзбен айтқанда, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті басым мамандар. Іс-тәжірибе алмасау мақсатында ұйымдастырылған аталмыш семинарға Алматы қаласы
"Алғыс айту" күні
01
март
2019
"Алғыс айту" күні
«Алғыс айту» күніне орай М. Мақатаев атындағы №140 гимназиядя өткізілген іс-шара «Алғыс айту - парызым» Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні белгіленбек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттың бір - біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітуді ұсынды. Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының
"Алғыс" күні ұстаздарымыз бен шәкірттеріміз "Перзент" балалар үйінде
01
март
2019
"Алғыс" күні ұстаздарымыз бен шәкірттеріміз "Перзент" балалар үйінде
"Алғыс" күні алғыс айтумен ғана шектелмей, алғыс алуға ұмтылайық!" деген мақсатта, көктемнің алғашқы күні- М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 9«Г» сыныбы отбасылық үлгідегі «Перзент» қайырымдылық балалар үйінің жас бүлдіршіндеріне барып қайтты.