Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Суда мәнерлеп жүзу сайысы
28
декабрь
2021
Суда мәнерлеп жүзу сайысы
         Гимназиямыздың 6 “З” сынып оқушысы – Нүркенқызы Жанерке суда мәнерлеп билеуден жүлделі орынға ие болды. Талапты Шәкіртіміз суда мәнерлеп билеу жарысынан 2 алтын, 1 күміс медальмен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз! 
Футбол жарысынан турнир
28
декабрь
2021
Футбол жарысынан турнир
    Гимназия шәкірттері спорттық жарыстарда жеңістерімен қуантуда. Гимназиямыздың шәкірті – Тұрсынбай Айбек спорттық жарыста жүлделі орынмен марапатталды!
«Түлекке - тілек, жүрекке гүл ек» атты мерекелік іс-шара
28
декабрь
2021
«Түлекке - тілек, жүрекке гүл ек» атты мерекелік іс-шара
«Түлекке - тілек, жүрекке гүл ек» атты мерекелік іс-шара 2021 жылдың 28 желтоқсан күні гимназияның  Мәжіліс  залында мектеп бітіруші  түлектерге  арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Мектебіміздің жылдағы үрдісіне орай бұл іс-шараны  жас түлектердің ізбасарлары, 10-сынып оқушылары ұйымдастырды. Биыл мектебімізді төрт 11-сынып бітіргелі тұр. Оларды шабыттандыру, жігерлендіру мақсатында   11 «В» сыныбы «Жігер» премиясымен, 11 «Б» сыныбы «Талап» премиясымен,                 11 «А» сыныбы 
«Әрбір бала – бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» атты ұран бойынша өтілді
24
декабрь
2021
«Әрбір бала – бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» атты ұран бойынша
     М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда өтілетін дәстүрлі іс-шараның бірі «Әрбір бала – бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» атты ұран бойынша өтіледі. Биылғы оқу жылының ІІ тоқсанында аудандық, қалалық, республикалық түрлі байқау мен жарыстарға қатысып, жүлделі орынмен марапатталған шәкірттеріміз өте көп. Аталмыш шара 24.12.2021 жылы мәжіліс залында өтілді. Осындай дарында да талапты шәкірттерге және ата-аналарына гимназиямыз ерекше алғысын білдіреді.  «Әрбір бала – бір жұлдыз» атты іс-шарада
Халықаралық «Euro-Line» шығармашылық фестивалі
23
декабрь
2021
Халықаралық «Euro-Line» шығармашылық фестивалі
     Халықаралық «Euro-Line» шығармашылық фестиваліне фортепиано жанры бойынша қатысып, І дәрежелі лауреат атанған М.Мақатаев атындағы №140 гимназия мақтанышы – Тойбазар Аминаны жеңісімен құттықтаймыз. Бурабай, Түркияда өтетін Халықаралық байқауға алған жолдамаң құтты болсын, қанжығаң жүлделі орындармен майлансын.    
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы, «Жұлдыз» продюсерлік орталығы
23
декабрь
2021
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы, «Жұлдыз» продюсерлік
    Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы, «Жұлдыз» продюсерлік орталығы ұйымдастырған VІІ Республикалық «Тәуелсіздік – тұғырым» шығармашыл жастар өнер байқауында, ұлттық аспапта ойнау номинациясы бойынша І орын иегері атанған – Абуталим Арунаны марапатымен құттықтаймыз. 
«Ебілім» Электронды білім танымдық-әдістемелік сайты
23
декабрь
2021
«Ебілім» Электронды білім танымдық-әдістемелік сайты
   «Ебілім» Электронды білім танымдық-әдістемелік сайты бастауыш сынып оқушылары арасында онлайн ұйымдастырған «Жас математик» олимпиадасында үздік нәтиже көрсетіп,   жеңімпаз атанған гимназия шәкірті – Алибекова Аминаны І дәрежелі дипломымен құттықтаймыз. 
Дарын онлайн білім беру платформасы
23
декабрь
2021
Дарын онлайн білім беру платформасы
   Дарын онлайн білім беру платформасында функционалдық сауаттылықты арттыру мақсатында 4-сыныптар арасында ұйымдастырылған І Республикалық Айқын олимпиадасында, Искакова Алиша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңісті күндерің көп болғай!