Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
CINEMA FESTIVAL – 2022
01
апрель
2022
CINEMA FESTIVAL – 2022
     Алматы қаласы білім басқармасының  ұйымдастыруымен өткен  CINEMA FESTIVAL – 2022 «Қазақстан балалары шексіз әлемде» VI қалалық кинофестиваліне белсене қатысқаны үшін Маханов Дидар марапатталды. Алар асуыңыз, бағындырар биігіңіз таусылмасын, Дидар!
МЕКТЕПІШІЛІК КОНКУРС 2
31
март
2022
МЕКТЕПІШІЛІК КОНКУРС 2
    Байқауда бірлестіктер арасында бас жүлдені филология пәндер бірлестігі (60000 тг), І орынды қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігі (45000 тг), ІІ орынды бастауыш сынып пәндер бірлестігі, математика-информатика пәндер бірлестігі (35000 тг), ІІІ орынды ғылыми-жаратылыстану пәндер бірлестігі мен АӘД және дене шынықтыру пәндер бірлестігі (25000 тг) ие болды. Мектеп ұстаздарына жақында ғана жарық көрген ұстаз-ақынның «Жалғанның қонақтары» жыр жинағы тарту етілді.
МЕКТЕПІШІЛІК КОНКУРС
31
март
2022
МЕКТЕПІШІЛІК КОНКУРС
     Қатар қамту жобасы не деп ойлайсыз? Ол – өлең оқыған оқушыны музыкалық аспаппен сүйемелдеу арқылы ырғақпен, сазды тыңдай, мәнерлеп өлең оқу. Домбыра, жетіген, сазсырнай, қобыз, скрипка, фортепиано, гитарамен сүйемелденген мәнерлеп оқу ерекшелігімен көрермендерін тәнті етті. 6 бірлестік, 41 оқушы бақ сынаған додаға, бір қызығы, демеушілердің тарапынан алғыс хат, диплом, ақшалай сыйлықтар үлестірілді. Өздерінің демеушілік жасағандарын жария етпеуді өтінген ұстаздардың есімдері жасырын қала
«Қазағым сағынды, рас, Мұзбалағын» атты мерекелік іс-шара
25
март
2022
«Қазағым сағынды, рас, Мұзбалағын» атты мерекелік іс-шара
 «Қазағым сағынды, рас, Мұзбалағын» атты мерекелік іс-шара       2022 жылдың 25 наурызы күні Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Қазағым сағынды, рас, Мұзбалағын» атты М.Мақатаевтың 91 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті. Күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып қайтарған классик, дала даналығын бесігінен сімірген дарабоз, өзгелер көре білмеген сырды, өзгелер өре білмеген жырды ұсына білген сөз ұстасы – М.Мақатаевтың шығармашылығы
Наурыз мерекесіне шәкірттеріміздің ат салысуы
22
март
2022
Наурыз мерекесіне шәкірттеріміздің ат салысуы
      Алматы қаласы Білім басқармасы оқушылар сарайында ұйымдастырылған Наурыз мерекесінде Тлеужанова Дильназ белсенділік көрсетіп, марапатталды. Ұлттық мерекеміздің қадір-қасиетін бойына сіңірген ақылды қызымыз әз-Наурызды махаббатпен ұйымдастырып, қала көлеміндегі іс-шараға ұйытқы болды. Алдағы уақытта жанынан тек жақсы адамдар табылып, игі істің басында жүрер басшы болуына тілектеспіз.
Балалардың құқықтарын қорғау
15
март
2022
Балалардың құқықтарын қорғау
Құрметті ата-аналар мен оқушылар! Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, сондай-ақ педагогтардың әдепке жатпайтын мінез-құлық фактілері туралы хабарламаларды Telegram мессенджерінде "Bala QORGAÝ" (Бала Қорғау) чат-каналына жібере аласыздар. https://youtu.be/Oa2i35_S65s