Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
март
2022

МЕКТЕПІШІЛІК КОНКУРС

     Қатар қамту жобасы не деп ойлайсыз? Ол – өлең оқыған оқушыны музыкалық аспаппен сүйемелдеу арқылы ырғақпен, сазды тыңдай, мәнерлеп өлең оқу. Домбыра, жетіген, сазсырнай, қобыз, скрипка, фортепиано, гитарамен сүйемелденген мәнерлеп оқу ерекшелігімен көрермендерін тәнті етті. 6 бірлестік, 41 оқушы бақ сынаған додаға, бір қызығы, демеушілердің тарапынан алғыс хат, диплом, ақшалай сыйлықтар үлестірілді. Өздерінің демеушілік жасағандарын жария етпеуді өтінген ұстаздардың есімдері жасырын қала бермек… Сондай-ақ, қаламыздағы «Раян» оқу орталығы қолдау көрсетті. Кешке Сафура Сәлімбайқызының анасы және «Әжелер» ансамблі мен мектеп бітіріп кеткен шәкірттері қонаққа келді. Жыр шумақтарын тарту еткен оқушылар арасында бас жүлдені Бағдатқызы Мадина (20000 тг), І орынды Ерболатов Азамат пен Кистаубаева Амина (15000 тг), ІІ орынды Бердалы Нұрилә, Сүйіндік Қазына, Салибеков Азамат, Көшербек Мейіржан (10000 тг),  ІІІ орынды Нүсіпбек Тоғжан, Бармакбаев Рамазан,  Кистаубаева Сымбат, Ахан Азамат (5000 тг), «Үздік орындаушы» номинациясын Абдыхалық Айсері (10000 тг) иеленді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: