Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Балалар жылы -2022" іске асыру шеңберінде "Мектепке жол" атты республикалық акция
26
июль
2022
"Балалар жылы -2022" іске асыру шеңберінде "Мектепке жол" атты
      Қазақсттан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының 10.01.2022 жылғы №780 жарлығымен жарияланған "Балалар жылы -2022" іске асыру шеңберінде "Мектепке жол" "Дорога в школу" атты республикалық акциясы 1 тамыздан бастап 30 қыркүйек аралығында "Мектепке жол-Шекарасыз Жақсылық" ұранымен өтеді! "Мектепке жол" акциясын жүзеге асыруда гимназиямыз ат салысуда.
Саяхат және экскурсия уақыты!
14
июль
2022
Саяхат және экскурсия уақыты!
  Жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында "Саясат және экскурсия уақыты" тақырыбы аясында 1-сыныптан бастап 10-сынып оқушылары   гимназия ұстаздарымен бірге қаланың көрікті жерлерін аралап, тарихи-мәдени жерлермен танысты. Музейлерді тамашалап, театрларға барды. Балаларға арналған қойылымдардың көрермені болып, жан азығын танымдық ақпараттармен байытып қайтты.   "Саясат және экскурсия" тақырыбында гимназия оқушылары отбасыларымен қайда қыдырып, уақытты қалай қызықты өткізгендігі туралы
Жаз. Оқушы. Ұстаз
08
июль
2022
Жаз. Оқушы. Ұстаз
Жаз. Оқушы. Ұстаз      Жаз – жайдары, тамаша жаңалықтарымен есте қалатын мезгіл. Жас ұрпаққа Жазғы уақытты ұтымды пайдаланып, сапалы білім мен саналы тәрбие беруде М.Мақатаев атындағы №140 гимназия жұмысын ойдағыдай жүзеге асыруда. ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 159 бұйрығына сәйкес «Орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылында Жазғы мектеп пен жазғы лагерь ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстарды» басшылыққа ала ағымдағы жылдың 26 мамыры мен 17 маусымы
"Жаман әдеттен аулақ бол" тақырыбында челленджі
21
июнь
2022
"Жаман әдеттен аулақ бол" тақырыбында челленджі
Гимназиямызда оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету бағытында "Жаман әдеттен аулақ бол" тақырыбында челлендж ұйымдастырылды. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру негізінде бір-біріне насихаттап, ақпараттармен алмасты.
"Алтын белгілер" кешіне дайындық
15
июнь
2022
"Алтын белгілер" кешіне дайындық
      Қай кезде болмасын, ұстаздар еңбегінің нәтижесі шәкірттерінің білімімен бағаланады. Ұстаздарының үкілі үмітін ақтап, қатарластарынан оқ бойы оза шапқан, алтын белгіге үміткер түлектеріміздің марапаттау рәсіміне дайындық барысынан...
9-сыныптардың бітіру кешіне қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы табан тіреді
13
июнь
2022
9-сыныптардың бітіру кешіне қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл
    Өмірдің бір белесінен өтіп, жаңа асуына аяқ басқан 9-сынып оқушыларының негізгі мектеп курсын бітіру кешіне қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы табан тіреді. Шәкірттеріміздің мерекелік кешін тамашалап, өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың әрбір өнеріне сүйсіне қараған жанарынан ұлтқа деген қамқорлық пен мақтаныш ұшқыны көрінді десек, артық айтқанымыз емес. Гимназия басшысы Сәния Өскенбайқызының бастамасымен гимназияның тыныс-тіршілігімен таныс болған ұлт жанашыры, қазақтың
Қонаев қаласында өткен қалааралық "Море футбола" турнирі
03
июнь
2022
Қонаев қаласында өткен қалааралық "Море футбола" турнирі
     Қонаев қаласында өткен қалааралық "Море футбола" турнирінде 4 "Ә" сынып оқушысы Мұхтархан Абылайды "алтын медалімен" құттықтаймыз! Жеңістеріңіз көбейе берсін. Қазақ спортын әлемге танытар азамат болуыңызға тілектеспіз.
1 маусым – халықаралық балалар күні
01
июнь
2022
1 маусым – халықаралық балалар күні
       Бүгінде жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің түрлі жолдары қарастырылып келеді. Соның бірі жастар, жас өрендер арасында рәміздерді насихаттау. Осы мақсатта 4 маусым күні гимназия алдында әнұран айту жиыны болды. Гимназия оқушылары да, ұстаздар да әнұранымызды шырқады. Жиынға қатысқан әрбір жанға патриоттық сезім сыйлады. Сонымен қатар, әр сыныпта «Рәміздерім - мақтанышым» тақырыбында танымдық сабақ өтті. Рәміздерді насихаттаудағы мақсат – әрбір жас буын жеткіншектің Отан, Қазақстан, туған