Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қалалық көркем гимнастика
04
ноябрь
2021
Қалалық көркем гимнастика
     М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 6-сынып оқушысы - Шарипова Алма, Алматы қаласы бойынша өткізілген қалалық көркем гимнастикадан І орын иегері атанды. Шәкіртімізді жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз. Биік белестерді бағындырар ел мақтанышына айналсын.
Халықаралық Дзюдо жарысы
20
октябрь
2021
Халықаралық Дзюдо жарысы
      Словенияның Гардес қаласында өткен, 42 елдің спортшылары бақ сынасқан Халықаралық Дзюдо жарысында, М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 8-сынып оқушысы - Асқарұлы Бейбарыс, 42 қатысушы арасынан оқ бойы озып, V орынға табан тіреді.  Талабы мен жігері таудай шәкіртімізге сәттілік тілейміз!
Республикалық акробатика спорттық жарысы
20
октябрь
2021
Республикалық акробатика спорттық жарысы
   Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қолдауымен өткен Республикалық чемпионатта, спорттық акробатика бойынша ІІ орынды М.Мақатаев атындағы №140 гимназия шәкірті, Мавлен Ханшайым иеленді. Жарайсың, шығармашылық шабыт тілейміз!
Пікірсайыс турнирі
19
октябрь
2021
Пікірсайыс турнирі
     Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қолдауымен мектеп оқушылары арасында пікірталас қозғалысын дамыту мақсатында гимназиямыздың 9-сынып оқушылары арасында «Мұзбалақ», «Мақатаев ізбасарлары», «Ақиық» командалары құрылып, аудандық, қалалақ пікірталас турнирлеріне қатысып, бақтарын сынап келеді. Осы орайда 16-қазан Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай «Алматы дарыны» орталығының қолдауымен М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде, аудан мектептерінің үздік
Ұлттық «Бала дауысы» талантты балалар фестивалі
11
октябрь
2021
Ұлттық «Бала дауысы» талантты балалар фестивалі
                      Ұлттық «Бала дауысы» талантты балалар фестивалі    Алматы телеарнасының ұйымдастыруымен, «Алматы бала фест» талантты балалар фестиваліне қатысып, ерекше дарынымен талайды тамсандырған М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың өнерлі шәкірті, Лим Ариана шығармашылық өміріндегі жаңа белесімен қуандыруда. Ұлттық "Бала дауысы" балалар ән конкурсының YI маусымы аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында, 2021 жылғы 5 қазанда "Жас Отан"
Бала дауысы-2021
11
октябрь
2021
Бала дауысы-2021
    Лим Ариана 2010 жылдың 9 шілдесінде Өскемен қаласында дүниеге келген. Оның үлкен ағасы мен әпкесі бар. Бала кезінен Ариана музыкаға деген талантын көрсетті. Айнада қарап ән айтып, билегенді жақсы көрді. 9 жасында ол вокалмен кәсіби түрде айналыса бастады. Қалалық, республикалық және халықаралық жобаларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Ариана фортепиано мен домбырада ойнауды үйренеді және би сабақтарына қуана жүгіреді. Мектепте ол өте жақсы оқиды, оның сүйікті пәні – ағылшын
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда...
21
сентябрь
2023
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда...
Қала күнінне орай ұйымдастырылған мектепшілік 7-сынып ұлдары арасында футболдан жарыс өтті. I орын - 7 "А" сынып ұлдары, II орын -7 "Е" сыныбы, ал,   қола жүлдені 7 "Ә" сыныбының ұландары иеленді. Ойында ерекше көзге түсіп "Үздік қақпашы" номинациясы бойынша 7 "Г" сынып оқушысы Акимбек Дидар марапатталса, "Үздік қорғаушы" номинациясы бойынша 7 "Е" сынып оқушысы Боранбай Байсұлтан марапатталды.