Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Оқушыларымыздың жетістіктері
06
июнь
2023
Оқушыларымыздың жетістіктері
5 “Г” сынып оқушысы Нұрбек Аяжан Ташкент қаласында Халықаралық байқауға қатысып, прима қобыз тартудан жеке және топпен  өнер көрсетіп “Бас жүлдені” жеңіп алды. Құттықтаймыз! Шын жүректен қуаныштымыз!
Республикалық олимпиада жеңімпаздары
01
июнь
2023
Республикалық олимпиада жеңімпаздары
Шәкірттеріміз, республикалық олимпиада жеңімпаздары Ермекова Меруерт пен Нүсіпбек Тоғжан Алматы қаласының әкімінің алғыс хатын алып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шын жүректен қуаныштымыз. Жетекшілері: Сагынгалиев Даурен Наурызбаевич, Темурбаева Сафура Сәлімбайқызы
Туризм және өнер фестивалі
31
май
2023
Туризм және өнер фестивалі
1 "Е" сынып оқушысы Рахман Али Түркия мемлекеті, Финике қаласында (Қазақстан, Түркия, Румыния, Молдова,  Болгария, Грузия) 6 мемлекет арасында өткен “Туризм және өнер фестивалі" халықаралық байқауында "Көркемсөз" жанры бойынша Еркебұлан Кеңейханның “Жеті Ата” өлеңін оқып, Гран При иегері атанды!!! Құттықтаймыз!!!
Мәдениет саласының үздігі
26
май
2023
Мәдениет саласының үздігі
Ұстазымыз Жәлімбетов Манарбек Мәмбетұлы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінен “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісін иеленді. Құттықтаймыз!!! 
"Өз жұлдызыңды жақ"
06
апрель
2023
"Өз жұлдызыңды жақ"
Бастауыш сынып мұғалімі Мухсина Мадина Маратбекқызы "Өз жұлдызыңды жақ" байқауының аудандық кезеңінен 3-орын алды. Құттықтаймыз! Жас мамандар арасында сынға түсіп, өз өнерін ортаға салып, тәжірибесімен бөліскен ұстазымызға тек шығармашылық табыс тілейміз!
Ұстаздарымыздың жетістіктері
28
март
2023
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстазымыз, бастауыш сынып мұғалімі Айгүл Елжасқызы Бауыржан Момышұлының “Батыр шапағаты” медалімен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз! Ұрпақ тәрбиелеуде шаршамаңыз!
Шәкіртіміздің спорттан жетістігі
21
февраль
2023
Шәкіртіміздің спорттан жетістігі
7 "Е" сынып оқушысы Жаманғараева Аружан таеквондодан "Райымбек батыр" спорт клубының ашық біріншілігінде 12-14 жас аралығында 41кг салмақ дәрежесінде III орын иеленді. Құттықтаймыз! Биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!  
Республикалық конкурстың жеңімпазы
20
февраль
2023
Республикалық конкурстың жеңімпазы
Бастауыш сынып ұстазы Ыкыласова Гүлзира Болатбайқызы 05.01.2023-31.01.2023 жыл аралығында өткен I Республикалық "Заманауи ұстаз қандай болу қажет?" эссе конкурсының I дәрежелі дипломының иегері атанды. Әріптесіміздің шәкірті Шалқарқызы Райян Мұқағали Мақатаев шығармашылығын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған V Республикалық "Мұздама, жылы жүрегім!" атты байқаудың жеңімпазы атанып, I орынды иеленді. Шын жүректен құттықтаймыз! Шығармащылық табыс тілейміз!
Халықаралық жарыстан шәкіртіміз жүлделі орын иеленді
13
февраль
2023
Халықаралық жарыстан шәкіртіміз жүлделі орын иеленді
1"Ж" сынып оқушысы Алиұлы Алимжан Бишкекте өткен Халықаралық каратэ байқауынан жүлделі 2-орынды қанжығасына байлады. Тамаша жетістік көрсеткен шәкіртіміз үшін қуаныштымыз! Биік белестерді бағындырып, жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз! Құттықтаймыз!
Дзюдодан жарыс
11
февраль
2023
Дзюдодан жарыс
Қалалық дзюдо жарысынан  2 "К" сынып оқушысы Азамат Айсултан 3-орын иеленді. Шәкіртімізді шын жүректен құттықтаймыз! Биіктерден көрінуіне тілектеспіз!