Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шәкіртіміз жасөспірімдер арасында теннистен I орын иеленді
17
январь
2023
Шәкіртіміз жасөспірімдер арасында теннистен I орын иеленді
6 "Ә" сынып оқушысы Королёва Алиса 14-жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында теннистен I орын иегері атанды. Табандылық, жоғарғы спорттық шеберлік көрсете білген шәкіртімізге халықаралық жарыстарда биіктен көрінуін тілейміз! Жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз! Құттықтаймыз!!!
«Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы»
07
ноябрь
2022
«Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы»
     «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен өткен «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауының аймақтық кезеңінің «Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі» аталымында жүлделі I орын алғаны үшін Әбдіманап Нұрила Қанатқызын құттықтаймыз! Жеңісті күндеріңіз көп болсын!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
04
ноябрь
2022
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
     Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы ұйымының ұйымдастыруымен өткен «Ұлт мақтанышына айналған Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева - қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың әдістемесі мен жаңа технологиясын қалыптастырған әдіскер - ұстаз» атты өңіраралық педагогикалық оқуда «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда қолданылатын инновациялық әдістер қоры: тәжірибе, сараптама, нәтиже» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс хатпен марапатталған әріптесіміз
«Алматы инста премия 2022» жобасы
15
август
2022
«Алматы инста премия 2022» жобасы
   15 тамызда өткен Алматы қаласының блогерлері мен тик-токерлеріне арналған мерекелік кештің қонағы болған гимназия ұстазы Сафура Сәлімбайқызы «Алматы инста премия 2022» жобасында «Ұстаздардың ұстазы» номинациясымен марапатталды. Ағартушылық жұмыстарымен инста әлемде де белсенділік танытып, оқырмандарымен тығыз байланыста жұмыс жасап жүрген апайымызға шығармашылық шабыт тілейміз. Оқырмандарыңыздың ыстық ықыласына бөленіп, бақытты сәттердің куәгері атана беріңіз!  
«Оқыту мен тәрбиелеу жүйесін трансформациялау: сын-қатерлер, мүмкіндіктер, жауапкершілік» тақырыбында өткен мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметкерлерінің республикалық тамыз педагогикалық кеңесі
13
август
2022
«Оқыту мен тәрбиелеу жүйесін трансформациялау: сын-қатерлер,
     «Оқыту мен тәрбиелеу жүйесін трансформациялау: сын-қатерлер, мүмкіндіктер, жауапкершілік» тақырыбында өткен мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметкерлерінің республикалық тамыз педагогикалық кеңесінде сөз сөйлеп, ой білдірген, маңызды мәселелерді қамти отырып, құнды пікірлерімен көпшіліктің көңілінен шыққан Темурбаева Сафура Сәлімбайқызына шығармашылық шабыт тілейміз! Еңбегіңіз жана берсін. Оқу-ағарту саласына қосар үлесіңіз көбейе берсін.