Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ұлт болашағы – ұстаз қолында» тақырыбында кездесу
19
февраль
2022
«Ұлт болашағы – ұстаз қолында» тақырыбында кездесу
   М. Мақатаев атындағы №140 гимназияда «Ұлт болашағы – ұстаз қолында» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кеш қонақтары: ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, Еуразия мен Азия біріншіліктерінің жеңімпазы, Алаштың мақтан тұтар ардақты азаматы – Ардақ Назаров Құттықожаұлы мен ақын, аудармашы – Қалшабек Абай Батырұлы. Руханият аясында ой өрбітіп, тағылымға толы дәріс оқылды. Ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш», М.Жұмабаевтың «Педагогика» кітаптары жан-жақты талданып,
«Мақатаев әлемі» үш тілді (қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі) жас дарындар байқауы
18
февраль
2022
«Мақатаев әлемі» үш тілді (қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі) жас
   18.02.2022 жылы М.Мақатаев атындағы  №140 гимназияның  8-9 – сынып оқушыларының арасында Jetoo.kz орталығының ұйытқы болуымен «Мақатаев әлемі» үш тілді (қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі) жас дарындар байқауы  өтті. «Жеті жұрттың тілін біл, өз тіліңді құрметте» ұстанымымен өткізілген сайыс аясында өлең оқылып, ән айтылып, М.Мақатевтың өмірі мен шығармашылығы бойынша сұрақтар қойылды. Ұйымдастырушылар І орын иегерлеріне Jetoo.kz білім беру орталығында 100%-дық тегін оқу, ІІ орын иегерлеріне
«Өзіңсің поэзия Пайғамбары» атты ақынның өлеңдерін орыс және ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқу байқауы
14
февраль
2022
«Өзіңсің поэзия Пайғамбары» атты ақынның өлеңдерін орыс және ағылшын
      2022 жылдың 7 ақпанында  М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 5-10 сыныптары арасында мектепішілік «Өзіңсің поэзия Пайғамбары» атты ақынның өлеңдерін орыс және ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Дана халқымыз «Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің» демекші, дарынды шәкірттеріміз өзге тілде оқып қана қоймай, мәнерлеп, нақышына келтіре көптің көзайымына айналды. Талапты оқушылардың өнері әділ бағаланып, қорытынды кеште марапатталады.
«Әр өлеңі – бір әлем»  атты ертеңгілік
10
февраль
2022
«Әр өлеңі – бір әлем» атты ертеңгілік
     Шындықтан туған шынайы поэзияның иесі, қазақтың қара өлеңіне ешкімге ұқсамайтын өзгеше рең, өшпес бояу беріп, қайталанбас құбылысқа айналған ақиық ақын, миллион сырлы сезімнің иесі –  Мұқамедқали, Мұқағали Мақатаевтың бүгінгі туған күніне орай,  гимназияда «Әр өлеңі – бір әлем»  атты ертеңгілік өтті. Ақын шығармашылығынан жырлары оқылып, әндері шырқалды. Өшпес мұрасы насихатталып, балалардың танымдық дүниетанымы арта түсті.
“Жарастық пен келісімнің жаршысы” атты ғылыми жобалар байқауы
09
февраль
2022
“Жарастық пен келісімнің жаршысы” атты ғылыми жобалар байқауы
    «Мұқағали – мәңгілік жыр» айлығы аясында гимназияда  07.02.2022ж. күні  “Жарастық пен келісімнің жаршысы” атты ғылыми жобалар байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар ақын шығармашылығын жас ерекшеліктеріне қарай берілген пәндермен ұштастыра отырып, толыққанды дайындықпен ғылыми жобаларын жоғары деңгейде қорғап шықты. Нәтижесі айлықтың қорытынды кешінде айтылып, марапатталады.
5-11 сыныптар аралығында «Менің бүгін туған күнім» атты онлайн мәнерлеп оқу байқауы
09
февраль
2022
5-11 сыныптар аралығында «Менің бүгін туған күнім» атты онлайн
        Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!         Мына жұрттар неғып жатыр тойламай?! , - деп жырлаған ақиық ақын М.Мақатаевтың  90 жылдық мерейтойы Республика көлемінде тойланып келеді. Гимназиямызда жыл сайын  дәстүрлі түрде «Мақатаев айлығы» ұйымдастырылуда. Осы орайда ақпанның 3-і күні 5-11 сыныптар аралығында «Менің бүгін туған күнім» атты онлайн мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға әр сыныптан екі оқушыдан барлығы 70 оқушы қатысты. Zoom платформасы арқылы өткен байқау тартысқа толы