Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алғыс – сөздің асылы» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті
01
март
2022

«Алғыс – сөздің асылы» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті

       1 наурыз алғыс айту күніне орай 1-11-сыныптар арасында  «Алғыс – сөздің асылы» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Алғыс айту, ризашылық білдіру ұғымдарының мәні мен маңызының тікелей адамға немесе айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру, басқа адамдармен түсінісуге дағдыландыру мақсатында өткен іс-шараның баларға берер тағылымы мол. Кеңпейілділікке, адамгершілікке, өзара түсіністікке, тыңдай білуге тәрбиелеу. Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – адам мерейін өсіретін, көңіл күйін көтеретін ризашылық белгісі. Күннің әрбір бөлігінде бір-бірімізге жылы қарап, мейірім шуағымызды төгіп жүруіміз-ақ керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, көңіл бөлмей жатамыз. Рақмет сөзін айту – адамдар арасындағы қарым-қатынасты нығайтатын негізгі амал. Гимназия оқушылары бүгін сол мақсаттан шығып, жылы жүздерімен жақсы қарым-қатынас орнатты деп білеміз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: