Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
7-8-сынып оқушыларының арасында мектепішілік футболдан жарыс
16
апрель
2022
7-8-сынып оқушыларының арасында мектепішілік футболдан жарыс
     Сәуірдің он алтысы күні мектебімізде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай 7-8-сынып оқушыларының арасында футболдан жарыс өтті.  1-орынды 8 "Е" сыныбы, ІІ орынды  8"Д" сыныбы, ІІІ орынды 8 "А" сыныбы иеленді. Ептілік пен жылдамдықты бойына жинаған жігіттерімізге жетістіктеріңіз көбейе берсін дегіміз келеді. Тек алға!
«Jetoo тіл орталығының» ұйымдастыруымен «Мұқағали – мәңгілік жыр» тақырыбындағы үш тілді эссе байқауы
13
апрель
2022
«Jetoo тіл орталығының» ұйымдастыруымен «Мұқағали – мәңгілік жыр»
     Ақиық ақын М.Мақатаевтың 91 жылдығына орай «Jetoo тіл орталығының» ұйымдастыруымен 10-11-сынып оқушыларының арасында өткен «Мұқағали – мәңгілік жыр» тақырыбындағы үш тілді эссе байқауында Жадыра Аделя І орынмен, Қамбар Назерке ІІ орынмен, Рахымжан Тоғжан ІІІ орынмен марапатталды. Оқу орталығының жүлдегерлерге арнаған ең маңызды сыйлығы кез келген қызметті (тіл үйренуді) тегін ала алады. І орын алған Аделя ағылшын тілін 1 ай тегін үйренуге жолдама алды. Ал Назерке 50% және Тоғжан 30%
«Біз таза қала үшін» тақырыбында сенбілік
09
апрель
2022
«Біз таза қала үшін» тақырыбында сенбілік
    Сәуірдің 9-ы күні мектебімізде «Біз таза қала үшін» тақырыбында сенбілік өтті. Мектеп ұжымы толық мектеп ауласына шығып, тазарту жұмыстарымен айналысты. Ағаштар әктеліп, гүлдер егіліп, жасылдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілді.
“Басқару менеджменті: Педагогикалық әдеп қағидаларын ұстана отырып жұмыс жүргізудің нәтижелілігі” тақырыбындағы семинар
06
апрель
2022
“Басқару менеджменті: Педагогикалық әдеп қағидаларын ұстана отырып
    06. 04. 2022 жыл. Республикалық семинар. Республика көлеміндегі іс-шараны өткізу қаламыздағы М. Мақатаев атындағы №140 гимназияға жүктелген. “Тойдың болғанынан боладысы қызық” – дегендей, жауапкершілікті сезінген мектеп ұжымы ә дегеннен дайындықты бастап кетті. “Басқару менеджменті: Педагогикалық әдеп қағидаларын ұстана отырып жұмыс жүргізудің нәтижелілігі” тақырыбындағы семинарға келген қонақтарды мектеп оркестрмен қарсы алды. Тамылжыта түрлі күйде қалықтаған аспаптар үні келген жанның
ҚР Білім және ғылым министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы
02
апрель
2022
ҚР Білім және ғылым министрлігі Республикалық қосымша білім беру
     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы гимназиямыздың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жарылқапов Бақтияр Үсенұлын мұғалімдер күнімен құттықтап, алғыс хат жариялап, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі еңбегі, жасампаздығы, күш-қуаты, шығармашылық көзқарасы үшін алғыс білдірді. Ағайымызға шығармашылық табыс тілейміз!
«Қазағым сағынды, рас, Мұзбалағын» атты мерекелік іс-шара
25
март
2022
«Қазағым сағынды, рас, Мұзбалағын» атты мерекелік іс-шара
 «Қазағым сағынды, рас, Мұзбалағын» атты мерекелік іс-шара       2022 жылдың 25 наурызы күні Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Қазағым сағынды, рас, Мұзбалағын» атты М.Мақатаевтың 91 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті. Күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып қайтарған классик, дала даналығын бесігінен сімірген дарабоз, өзгелер көре білмеген сырды, өзгелер өре білмеген жырды ұсына білген сөз ұстасы – М.Мақатаевтың шығармашылығы
«Ұлт болашағы – ұстаз қолында» тақырыбында кездесу
19
февраль
2022
«Ұлт болашағы – ұстаз қолында» тақырыбында кездесу
   М. Мақатаев атындағы №140 гимназияда «Ұлт болашағы – ұстаз қолында» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кеш қонақтары: ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, Еуразия мен Азия біріншіліктерінің жеңімпазы, Алаштың мақтан тұтар ардақты азаматы – Ардақ Назаров Құттықожаұлы мен ақын, аудармашы – Қалшабек Абай Батырұлы. Руханият аясында ой өрбітіп, тағылымға толы дәріс оқылды. Ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш», М.Жұмабаевтың «Педагогика» кітаптары жан-жақты талданып,