22
октябрь
2025
Футбол ойыны өтті
Республика күніне орай гимназиямызда 9-сынып ұлдары арасында футбол ойыны өтті.
Жарыс барысында оқушылар шеберлік, жылдамдық және ойын тәсілдерін көрсете отырып, командалық рухты нығайтты. Доп додасы қызықты өтті, қатысушылар бір-бірін қолдап, әділ ойын үлгісін көрсетті.
Жарыс жеңімпаздарын құттықтаймыз! Спортқа деген қызығушылықтарыңыз артып, жаңа жеңістерге жете беріңіздер. Республика күні құтты болсын!





